Құранның үш тарапқа таралуы

құран

Мұхамбет пайғамбар көзі тірісінде хатшысын алдырып, Құранды үш қайтара көшіртіп, қолжазбаның үш данасын дайындап қояды. Ең бірінші қолжазбаны  нәсілі араб, өзінің жақын  жерлесі келіп сұрайды. Пайғамбар бір данасын соған береді. Ол кітапты алып тұрып көзіне сүртті де расулға тағзым етті.  Біраз уақыттан соң екінші қолжазбаны парсы жұртынан келген бір мұсыламна бауыры сұрайды. Пайғамбар оған да бір данасын сыйлайды. Ол Құранды төбесіне қойып тұрып тағзым етті. Үшінші қолжазбаға  Мәуренаһыр топырағынан шыққан бір түркі нәсілді мұсылман келіп қолқа салады. Пайғамбар оған соңғы кітапты сыйға тартады. Ол Құранды құшақтап, қойнына салып қастерлейді. Бұған куә болған меккелік мұсылмандар:

— Иә, Алланың елшісі. Бұл үшеу үш түрлі ишара қылды. Оның сырын не деп білдіңіз? – дейді.  Сонда пайғамбар:

— Араб нәсілі – өзімнің жақын туысым. Ұлық Алла мені осы жерден шығарды. Ілімді  осы топырақтан бастап  жайдым. Құран да араб тілінде түсті. Оның Құранды алып, көзіне сүртуінің мәнісі осы. Бауырларым Құранның хатына берік болады. Сүндетімнің басқа тараптарға тарауына септеседі. Ал,  Құранды төбесіне қойған парсы бауырым да бұл кітаптың қадіріне жетеді. Еліне апарып ілім таратады. Соның себебінен  бұл елден Құранның рухани сырларына жүйрік  әулие,  шайырлар көп шығады. Құранның астарлы мағынасын көркем сөзбен жеткізетін шешен болады. Ал түркі нәсілді бауырым Құранды  қойнына салып, құшақтап кетті. Демек, Құранның қасиеті осы халықтың ділінде, жүрегінде сақталады. Түркі жұртында әулие, шайқы, ишан, пірлер көп тарайтын болады. Діннің ең шырынды жемісі осы  жұртқа молынан нәсіп болады, – депті.

 

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню