Пайғамбар мен жыланның серттесуі

жылан

Пайғамбар мен Әубәкір үңгірде үш күн отырды. Ең сенімді серігі пайғамбарға жылан-шаян зиян-зақымет қылмасын деп үстіндегі киімін парша-парша жыртты да, тесіктерді бітеді. Бір қуысты бітеуге киім жетпеді. Оған жалаңаш  аяғын сұғып, бітеді. Таң ата іннің түбінен бір жылан Сыддықтың аяғын шағып алды. Әубәкірдің екі ерні көгеріп, өлуге айналды. Оны көрген пайғамбар жылан шаққан жерді дереу пышақпен тілді де, уытын сорып, жерге түкіре берді.

Сол кезде шаққан жыланның басы да көрінді. Пайғамбар:

— Ей, жылан, сен Әубәкірді неге шақтың? Оның кім екенін білесің бе? – деді. Жылан:

— Иә, Алланың хабибі, амалымның жоғынан шақтым. Мен осы үңгірдің иесі едім. Сені күтіп жатқаныма неше мың жыл болды, білесің бе?-деді.

— Менің келетінімді сен қайдан білдің?

— Мына үңгірдің аузындағы өрмекші мен көгершін жер жаралып, су аққалы осында тапжылмай жатыр. Бұлар не өлмейді, не ұшпайды, не балаламайды. Мен олардың жайын сұрадым. Сенің келетініңді солар айтты. Мені жаратқан Ұлық Алланың сүйікті хабибін көру мен үшін зор бақыт.

— Ықыласыңа рахмет! Не тілегің бар?

— Екі түрлі датым бар. Бірі сенімен дидарласып, тілдесіп қалу.  Екіншісі, Алла сені дүниеге рақмет ету үшін жіберген. Сол рақметіңнен менің ұрпағым да үлес алсын. Үмбетіңе айт. Ұрпағымды бей-берекет өлтірмесін.

— Дегенің болсын. Үмбетіме «жыланды басыңа ақ құйып шығарып салыңдар» деп өсиет қалдырамын. Достығымыздың белгісі ағарған айран болсын, — деді. Содан бастап мұсылмандар үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарып салатын болыпты.

Ал, Әубәкір пайғамбардың емінен соң оңалып, тез тұрып кетті.

Пікір

  • Мұны қайдан алған. Алған кітаптың атын жазып жіберіңізші. Рахмет

    Қожа 28.06.2016 17:37 Ответить
    • Салт-дәстүр сөйлейді

      admin 29.06.2016 10:04 Ответить
  • Хи хи хи мен жылан көрсем жанын алам

    Қазақ 28.06.2016 18:49 Ответить
  • Енди корсениз жанын алманыз

    Фархат 29.06.2016 11:42 Ответить
  • Пайгамбар жайлы отірік айтпаган шыгар деп үміттенгім келеді. Бірак бұрын естімеген соң…

    Болат 29.06.2016 16:44 Ответить
    • Пайғамбар с.а.у өтірік айтпаған. Оның атынан өтірік айтуға болмайды.Мына оқиғаны дəл осындайын естімеппін. Сөйлескені туралы айтылмаған хадисті оқып едім

      Айдана 30.06.2016 02:18 Ответить
      • Мен де жыланнын сойлегенин естимеппин, казактын китабынан алынса анык аныз, ягни кей жерлери адам киялын косып ырымдарга айналдырган

        Айнура 01.07.2016 06:59 Ответить
  • бул ангимени апам бала кезде айтып берген, салт дастур сойлейди китабын окып отырып коп ангимелерди билетинимди тусиндим, ал кобин билмейтиндигиме козим жетти, коп окып конилге коп токыныздар агайын

    Нуржигит 29.06.2016 22:16 Ответить
  • Менин апам бала кезимде айтып берген

    Акмарал 30.06.2016 00:37 Ответить
  • Жыланның басына ақ құйып шығарып салың деген сөз бұрыннан айтылады

    Сапар 30.06.2016 09:56 Ответить
  • Бұл оқиға кішкене болсада бұрмаланған. Өйткені Пайғамбарлар көп болғаннан кейін пайғамбарымыз мұстафа Мұхаммед Салаллаһу əлейһи уə сəлəмнің атын жазбаған, жəне ең алдыңғы дінді қабылдаған сахабалардан болған сахабаның атын толық жазбай əбу Бакір Сыддық(Алла оған разы болсын) басқаша əубəкір деп жазған. Жəне шаққан жерді пышақпен тілген жоқта уын сорып шығарып тастаған жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед Салаллаһу əлейһи уə сəлəм өзінің мүбəрəк түкірігімен шаққан жерге жағып Аллаға дұға жасайды. Содан ол əбу Бəкір Сыддық оған Алла разы болсын тез арада айығып кетеді. Кешіріңіздер менде ə əрпін үлкен кіші қылып жаздым. Өйткені ə улкен əрібі менде мынандай Ə болып шығып жатыр!

    Бекзат 30.06.2016 14:32 Ответить
  • Сахих емес.Автор жазарында оиланып,кайдан алганына карап жаз

    Ббб 01.07.2016 20:52 Ответить
  • Иə,бұрыннан ата анаңыздан есітсеңіз бұл шындық.Өзім талай бұл жайдың куəсі болғанмын Əзілге айналдырудың еш қажеті жоқ.Бір куні болмаса бір куні өзің де бұл жайтқа кезігуің əбден мумкін.Оқыңыз,Алла тағаланың құдіретіне сеніңіз!

    Гулбала 02.07.2016 15:38 Ответить
  • Пайгамбарымыздын айткандары талкыга тусирудин ози улкен кате деп ойлаймын жазган адамдыки кате болса Аллахтын ози кеширсин

    Кайырбек 13.07.2016 13:50 Ответить
  • Бұл оқиғаның болғаны рас.Көкелерім кішкентай кезімбе оқып көздеріне жас алып отқанын көрген едім.

    Дархан Сүлейменов 24.07.2016 08:48 Ответить
  • Жолда жатқан жыланды баспағаның,
    Басқа біреуді шақсын дегенің …

    Сако 22.10.2017 00:42 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню