Күндіз бен түннің айырмасы

күүүү

Жалғанның тозақ пенен бейіші бар,

Бір күн тыныштық, кей бір күн кейісі бар.

Кейісі тозақ болғанда, тыныштық  –  бейіш,

Міне, осындай муафық келісі бар.

 

Таң атып, күн шыққан соң, тыныштық қашар,

Бай, жарлы  –  бәрі отырмай, тыпырласар.

Жоқ жүрер кешке ішіп-жер ауқат үшін,

Бай да отырмас: «Бар ғой, –  деп, –  ораза ашар».

 

Дені сау жан талпынып қыбырласар,

Білінбей кімнің байы, кімнің нашар.

Біреу өзін бұқтырып жер түбіне,

Біреу өзін әуре ғып аспанға асар.

 

Ақшалы бай жүреді төмен бұғып,

Қолдан кетсе бір тиын, жаны шығып.

«Көрінген жан бір нәрсе сұрайды ғой!» –

Деуменен өзін-өзі інге тығып.

 

Елден-жұрттан дүниесін қашырғаны:

Өзін-өзі түнекке жасырғаны.

Кедей байдан тіленіп борыш алғаны:

Өз-өзінен дарға асылғаны.

 

Бұ дүние құтқармайтын тозақ болды,

Бейнеттіге құрғыр күн ұзақ болды.

Дамыл, тыныштық бір жанда болмаған соң,

Есебі күндіз өзі тозақ болды.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню