Жақсы қатын (хатун) хақында айтқан тезкіресі

қыза

Пақыр дүниеде маһырбан хатуңдай,

Нығмет бар ма екен?!

Өпсең қылар жанын құрбан,

Хатундай нығмет бар ма екен?!

Хатуның болса мыс төре,

Сен боларсың мысал (мешел) төре.

Барып шариғат діннен сұра,

Хатундай нығмет бар ма екен?!

Хатуның болса бай қызы,

Маһы табан болса жүзі.

Дүрдіте дүрман әрбір сөзі,

         Хатундай нығмет бар ма екен?!

         Хатун бірлан үйің абад

Өпсең жүзі қазынбат (қындынбат).

Және бірін айтсам ұят,

Хатундай нығмет бар ма екен?!

Хатунлы үй мысалы шаһар,

Ғұмыр табар ізден баһар.

Хатунсызының ащы заһар,

Хатундай нығмет бар ма екен?!

Бұл кісінің ауладау үрім- бұтағы- Молда Жәдігер ішінде, Мейрам еліңде Сұлтанқожа, Дәулетқожа балалары.

   Сейітахмет Дәулетқожа баласы- қияметлік бір достасымыз еді. Ташкентте Бесағаш махалласында Әбілқасымхан ишан мешітінде бір қыс бірге тұрып едік. Кенжебай молда, Омар қожа, Сұлтанқожа баласы ноғай Ләшіммұхаммед Ахметов.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню