Шайхы Бұрқы диуана және Мәшһүр Жүсіптің бір өлеңі

ш

Мұса пайғамбардың заманында Шайхы Бұрқы деген диуана болыпты. «Құдайға құлшылықты жан аямай қыламын!»- деп, иірген ұршықтай қырық күн, қырық түн шыр айналған екен. Заңғар биік таудың басына шығып:

   — Ал, мен Құдайға кеттім!- деп, төмен қарай құлайды екен.

   Өлмей-талмай, дік етіп жерге түсіп, бүтін түгел дін есен жүре береді екен. Бұл Шайхы Бұрқының атасы- адамзат, шешесі- мекіре балық екен.

   Мекіре балық деген адамнан аумаған балық болады екен. Шашы болмайды екен, емшегі болмайды екен, кіндігі болмайды екен. Өзге мүшесі адамнан бөлектігі жоқ дейді.

Бұлтқа басы жеткен, басына мүйіз шыққан Ескендір Зұлқарнайын бір еркегін ұстап алып, қатын алып беріпті:

   — Екеуінен бала туса, сол бала тілі шыққанда, әкесінің де тілін үйренеді, шешесінің де тілін үйренеді. Сонан соң бала переводчик есепті тілмаш болады. Мұнан тілді солай аламыз!-деп.

   — Баланың тілі шықты, сөйлесуге жарады!– дегенде, Ескендір Зұлқарнайын келіп, сұрады:

  — Балам, әкең не дейді?-деп.

Сонда бала айтты:

— Құдай-ай, (тоба) тәубе, дария да кездім, қыр да кездім! Талай-талай мақұлықты көрдім. Құйрығы басына біткен хайуанды, тіпті, сенен басқа ешқайда көргенім жоқ!- деп, шешеме таң-тамаша қалады,-депті.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню