Әзіреті Омардың надандығы

Commended - "Film Titles" January 2009

Әзіреті Омар хат танитын сауатты еді. Ол қағаз-қалам шұқылап, жазу-сызуға оқу-тоқуға құмар болатын. Бірде Пайғамбар шатырынан шығып еді, көлеңкеде жұлым-жұлымы шыққан, сарғайған парақтарды оқып отырған Омарға көзі түсті. Ол:

– Әй, Омарым, не оқып отырсың? – деді.

– Иә, расул Алла, Тәурат қой.

– Омаржан-ау, ана тіліңде Құдай саған Құран түсірді, қолдан қолға өтіп, әбден өзгеріске ұшыраған сол кітапқа қайдан ғана құмар болдың?

– Иә, расул Алла, мұнда да жақсы ғибратты хикаялар жазылыпты. Көбі

сіздің айтатын уағыздарға қатты ұқсайды. Мұсаның да басынан кешкен оқиғасы қызық екен, – деді.

– Әй, Омарым-ай, надандығың қалмады-ау сенің. Сол айтып отырған Мұсаң тап қазір тіріліп болса, маған үмбет болып, қол тапсырар еді, – деді. Әзіреті Омар содан бастап, пайғамбардың ұлықсатынсыз не болса соны оқымайтын болыпты.

Пікір

  • Керемет қисса екен.

    Ержан 25.05.2017 19:51 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню