Жалған купон (Лев Толстой) ІХ-бөлім

лев 00

Петр Николаевич Свентицкий, кішкен келген, бойы сәл қортықтау, қара көзілдірік киген (оның көздері аурушы еді), әдеттегідей ерте оянып, бір стакан шәй ішіп алды. Сәндеген әдемі тонын киіп алып шаруасын жайғауға шықты.
Петр Николаевич кеден шенеунігі еді, сонда қызмет етіп он сегіз мың сомдай ақша тапқан болатын. Жиырма жыл бұрын, өз еркімен емес демалысқа шығып, бір жас, бай жігіттен үлкен үйді сатып алды. Петр Николаевич қызметте жүргенде үйленген еді. Әйелі, атақты бір дворяндық әулеттің кедей жетімі болатын, денесі толық келген реңді кісі еді, бірақ перзенттері жоқ болатын. Петр Николаевич әр іске сондай ықтиятпен кірісетін ұқыпты адам еді. Шаруашылықтан хабары жоқ ол (ол поляк ақсүйегінің ұлы болатын), беріліп кіріскені сонша үш жүз сотық артта қалған шаруашылық, он жылда басқаларға үлгі болатындай болып шықты. Оның үйінен бастап жер қоймасына дейін
барлық баспаналары, түтін шығатын мұржасына дейін бастырмаланған берік, тұрақты, қаңылтырмен жабылған, және уақтылы боялып тұрушы еді. Құрал-сайман тұратын сарайда арба, соқа, тарма секілді ауыл шаруашылық заттары тұратын. Ат жүген тұрмандары майланған болатын. Аттары аса ірі денелі емес, бәрі өз заводтарынан шыққан – сауран (саврасый) түсті, тойынған, мықты, бір-бірінен аумай қалған. Бидайды ұсақтаушы жабық бөлмеде, жем арнайы сарайда тұрады, малақ арнайы шұңқырға құйылады. Сиырлары да өз заводтарынан, аса ірі емес, бірақ олар сүт беретін тұқымнан еді. Шошқалары аглистік болатын, тауықханасы да бар, тауықтары ерекше тұқымнан. Ұқыпты қаралған бауы бар. Бар тірлігі өте таза, ұқыпты, ықтиятты болатын. Петр Николаевич өз шаруашылығына қарап мәз болатын, және мұның бәрі кедей-шаруаларды әділетсіз қудалаумен емес, керісінше оларға деген әділдіктің арқасында болды деп айтып отыратын. Ол тіпті дворяндар арасында орташа, тіпті либералды көзғарас ұстанатын, консервативті жолды ұстанбайтын. Байлар арасында ол үнемі қарапайым халық сөзін сөйлеп отыратын. Оларға жақсы көзғараспен қара, сонда олар да саған жақсы қызмет етеді. Бірақ ол жұмысшыларының қателіктері мен босаңдығына жеңіл қарамайтын, қайта жіті қадағалап, олардан еңбекқорлықты талап ететін. Есесіне олардың тұратын мекен-жайларын жайлы қылып, олардың ас-суын жақсартты, еңбекақыларын уақтылы беріп тұратын. Тіпті мерекелерде оларға ішетін арағына дейін беріп тұрушы еді.
Ақпан айы еді, Петр Николаевич еріп жатқан қар үстімен абайлап атқора жанымен өтіп, жұмысшыларының тұратын баспанасына қарай жүрді. Әлі қараңғы еді, оның үстіне күн тұман болатын. Жұмысшылар бөлмесінен жарық түсіп тұрды. Олар енді оянып, тұрып жатыр екен. Олар бүгін орманға отынға барулары керек болғандықтан, оларды асығыстырғысы келді.
«Мынаусы несі?»-деп ойлады ол атқораның ашық тұрған есігін көріп.
-Кім бар мұнда?
Ешкім жауап бермеді. Петр Николаевич атқораға кірді.
-Кім бар мұнда?
Жауап берер ешкім жоқ. Әлі қараңғы болатын, аяғының астында иісі шығып аттың жұмсақ малағы жатыр екен. Есіктің оң жағында екі ат тұратын тұғын. Петр Николаевич қолын созып еді, бос екен. Сосын жерде жатыр ма деп аяғын созды. Аяғы еш нәрсеге тимеді. «Оларды қайда байлаған?»-деп ойлады ол. Аттарды ешқайда жекпеген, шаналардың бәрі сыртта тұр. Петр Николаевич тысқа шығып, қатты айқайлады:
-Әй, Степан!
Степан жауапкер жұмысшы болатын. Ол дәл сол сәтте үйден шығып келе жатыр еді.
-Иә,-деді Степан көңілді кейіпте. –Бұл сіз бе Петр Николаич? Жігіттер міне шығып келе жатыр.
-Сендер неге атқораның есігін ашық қалдырғансыңдар?
-Атқораның? Білмедім. Ей Прошка, шамды бері әкелші.
Шам ұстаған Прошка жетіп келді. Бәрі атқораға кірді. Не болғанын Степан бірден түсінді.
Мұнда ұрылар кіріпті Петр Николаич. Құлыпты бұзыпты.
-Шынымен ба?
-Ұрылар. Машка жоқ, Ястреб жоқ. Жоқ Ястреб осында. Пестрый жоқ, Красавчик жоқ.
Үш ат жоқ екен. Петр Николаич ештеңе айтпады.
Қабағын қарс түйіп, ентігіп, зорға дем алып тұрды.
-Ех, қолыма түсер ма еді. Күзетте кім еді?
-Петька болатын, ұйықтап қалған болды ғой.
Петр Николаич полицияға, жер басшылығына арыз жазды. Адамдарын таратып жіберді. Аттар табылмады.
-Оңбағандар!-деді Петр Николаич. –Бүлдіргеннен басқа шаруалары жоқ. Мен о бастан кедей-мұжықтарға жақсылықтан басқа ештеңе істеген жоқ едім. Тоқтай тұр бәлем. Қарақшылар, шетінен қарақшылар. Ендігі ісім сендермен болсын.

Пікір

  • Сәлеметсіздер ме! Жазушының осы шығармасын кім аударып жатқанын жаза аласыздар ма?

    Аян 21.04.2016 02:56 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню