Жалған купон (Лев Толстой) VІ-бөлім

rfp

Шынында да Евгений Михайлович купонды отын сатып жүргент Иван Миронов деген шаруаға беріп еді.
Иван Миронов отын қоймасынан алған отынды қоймадағыдай төртке емес, беске бөліп, сол бағаға қаланы аралап жүріп сататын. Осы бір Иван Миронов үшін бақытсыз күні, таңертең ерте бір құшақ отынды сатты, сосын тағы да сондай бір құшақ отын алып онысын кешке дейін сата алмай қиналды. Оған өңкей бір мұжықтардың бар қулығын білетін қаланың қу адамдары жолықты, оларға қанша жерден отынды ауылдан, не болмаса орманнан алып келдім деп сендіре алмайсың. Өзінің әбден қарны ашты, үстіндегі ескі тонымен жаурап, қалтырап кетті. Кешке қарай аяз жиырма градусқа дейін төмендеді. Оның мүмкіндігі болып жатса, сатып жібермек болған кәрі аты тіптен жүрмей қойды. Сондықтан Иван Миронов отынын ұтылса да арзан беруге даяр еді, дәл сол кезде темекіге барып қайтып келе жатқан Евгений Михайловичты жолықтырып еді.
-Алыңыз баеке, арзан беремін. Атым тіптен жүрмей қойды.
-Сен қай жерденсің?
-Біз ауылданбыз, отын өзіміздікі, құрғақ, жақсы отын.
-Е-е, білеміз ғой сендерді. Не қыласың, арзанға бересің ба?
Иван Миронов ары саудаласты, бері саудаласты, ақыры болмаған соң, түсіріп-түсіріп отынды өз бағасына берді.
-Баеке, тек сіз үшін. Жақын ба, қайда апарайын,-деп сұрады ол.
Евгений Михайлович қатты саудаласқан да жоқ, купонды өткізуге болғанына қуанды. Иван Миронов аттың жүгенін тартып-тартып, отынды аулаға кіргізіп, сарайға түсірді. Аула сыпырушы жоқ екен. Иван Миронов алғашында купонды алғысы келмеген сыңай танытты. Бірақ Евгений Михайлович өзін бір текті адам секілді ұстап, төлеген соң, ол алуға келісті.
Артқы есіктен қызметкерлер бөлмесіне кірген Иван Миронов шоқынып алды. Сақалындағы қатқан мұздар ери бастады, шапанының етегін көтеріп, теріден жасалған әмиянын шығарды. Содан сегіз сом елу тиын ақшасын алып, байға ұстатты. Ал купонды бір қағазға орап, әмиянына салып қойды.
Байға алғыс айтып болып, Иван Миронов аяғын зорға көтеріп тұрған атын қамшысымен осып-осып жіберіп асханаға қарай асықты.
Асханада Иван Миронов сегіз тиынға шарап пен шәй алып, терлеп-тепшіп ішіп алды да, көтеріңкі көңіл-күймен столында отырған аула сыпырушымен әңгімелесті. Сөйтіп оған өз басынан өтіп жатқан жағдайларды айтып берді. Оған өзінің қаладан он екі шақырым жердегі Василевский ауылынан екендігін, еншісін алып, ата-ана, бауырларынан бөлек, әйелі, екі баласымен бірге, бөлек тұратындығын, үлкен ұлының училищеге енді барғанын, әзірге әкесіне қол ұшын соза қоймағандығын айтты. Мұнда, қалада пәтер жалдап тұрып жатыр, ертең ат базарға барып, көлігін сатып, мүмкіндік болып жатса басқа ат сатып алмақшы екендігін айтты. Әзірге бір сомы кем жиырма бес сом тауып қойғандығын: оның жартысы купонмен екенін айтты. Сосын ол купонын шығарып аула сыпырушыға көрсетті. Аула сыпырушы сауатсыз еді, бірақ ол тұрғындардың қолынан осындай купондарды көргенін, кейде арасынан жалған купондар да шығыпып тұратынын, сондықтан ол купонды осында жаратып, тексеріп ал деп кеңес айтты. Иван Миронов даяшы жігітке купонды беріп, артық ақшасын қайтып әкеліп бер деді. Бірақ даяшы жігіт ақша қайтармады, басы тақыр, беті жылтыр, бастығы топ-толы қолымен купонды алып келді.
-Мына ақшаңыз жарамсыз,-деді ол, купонды көрсетіп, бірақ оны қайтарып берген жоқ.
-Ол купонды маған бай кісі жарайды деп берген болатын.
-Әңгіме сол, бұл купонның жарамайтындығында болып тұр ғой, қолдан жасалған, жалған купон.
-Егер сондай болса оны маған қайтар.
-Жоқ, қайтара алмаймын. Сен сияқтыларға сабақ болу үшін жазалау керек. Бұзықтарға қосылып, жалған купон жасайтын болыпсың.
-Ақшаны бері әкел. Бермей қоюға не ақың бар?
-Сидор! Полицейлерді шақыр,-деді бастық даяшыға.
Иван Миронов ішіп алған болатын. Ал ол ішіп алса тыныш отыра алмайды. Енді ол бастықтың жағасына жармасып, айқайға басты:
-Купонды қайтар, мен сол купонды берген байға барамын. Оның қайда тұратынын білемін.
Бастық қатты жұлқынған кезде көйлегі жыртылып кетті.
-А-а, солай ма екен. Ұстаңдар оны.
Даяшы Иван Мироновты құшақтап ұстап тұрды, дәл сол кезде полицей келіп кірді. Жағдайды түсіндіріп айтқан бастықты тыңдап алған ол тұтқынына: -Учәскеге жүр,-деді.
Купонды полицей қалтасына салып алды, сосын Мван Мироновты атымен қоса участокқа алып келді.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню