Жалған купон (Лев Толстой) V-бөлім

Лев

Француз тілі мұғалімі орыс полягы болатын. Оның үйінде достары тәтті шәй ішуге жиналып еді.
Фотография заттарын сатушысының әйелі, үй иесі,офицер мен парик киген кәрі керең кемпірдің, музыка дүкені қожайынының жесірі, ол ойнауды жақсы көретін, әрі шебер ойыншы еді. Фотография заттарын сатушы әйелінің қолы жүріп, жақсы карталар келіп жатты. Ол екі рет тәуекел етіп үлкен ұтысқа жетті. Жанында жүзім мен алмұрт салынған тарелка тұр еді, көңілі көтеріңкі болатын.
-Евгений Михайлович неге келмей жатыр екен?-деп сұрады үй иесінің әйелі. –Біз оны бесінші етіп жазып қойып едік.
-Ақшасын есептеп жатқан болар,-деді әйелі, -отын суға есептесетін уақыт қой.
Күйеуімен арадағы болған оқиғаны есіне алып, қабағы түйіліп, оған деген ашудан саусақтары дірілдеп кетті.
-Ә-ә, міне, кімді айтсаң, сол келеді деген,-деді қожайын, кіріп келе жатқан Евгений Михайловичке қарап. –Неге кешіктіңіз?
-Әртүрлі істер шығып,-деді Евгений Михайлович, көңілді дауыспен, қолдарын ысқылап. Сосын әйелін таң қалдырып, оның жанына келіп:
-Білесің бе, мен купонды іске жаратып, өткізіп жібердім,-деді.
-Рас па?
-Иә, отын әкелген мұжыққа төледім.
Сосын Евгений Михайлович әңгімені ашып айтты,-әңгімеге оның әйелі де кірісіп, гимназистердің өзін қалай алдап кеткенін айтып берді.
-Жарайды, енді оны қойып, іске кіріселік,-деді ол, столға отырып жатып, картаны тарататын кезек оның өзіне келген еді.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню