Жалған купон (Лев Толстой) ІV-бөлім

төрт

Гимназистер кеткеннен бір сағаттан соң дүкеннің қожайыны келіп түскен ақшаны санай бастады.
-Ай, оңбаған! Ақымақсың,-деп әйеліне айқайлады, қолына жөнделген купонды ұстап. –Мұндай купонды несіне қабылдайсың.
-Женя, сен өзің менің көзімше дәл осындай он екі сомдықты қабылдап алып едің ғой,-деді әйелі ашуланып, өз-өзінен шығып, өкпелеп, жылауға дайындалып. –Олардың мені қалай ақымақ қылғандарын байқамай да қалдым ғой,-деді әйел,-гимназистер. Жас сұлу жігіт, маған өте бір абзал адам боп көрініп еді.
-Абзал ақымақ әйел,-деп күйеуі ұрсуын жалғастырды, кассасын санап жатып. –Мен купон алсам, алар кезде, онда не жазылғанына анықтап қарап аламын. Ал сен қартайған шағыңда гимназистердің тек жылтыраған бет-жүзіне қараумен болғансың ғой.
Әйелі мұндай ауыр сөздерді көтере алмастан, одан бетер қатты ашуланды.
-Сені де нағыз еркек дейді-ау! Тек басқаларды сынап-мінегенді жақсы көресің, ал өзің карта ойнап елу төрт сом ұтылсаң – ол ештеңе емес, солай ма?
-Менде жұмысың болмасын.
-Сенімен сөйлескім де келмейді,-деп әйелі өз бөлмесіне кіріп кетті. Ол кезінде отбасындағылардың күйеуінің дәрежесін бұдан төмен санап, тұрмысқа шығуына қарсы болғанын, тек өзінің қайтсем де осы жігітке шығамын деп тұрып алғанын есіне алды. Сосын шетінеген ұлын есіне алды, шындығында күйеуі бұған аса қайғырған жоқ еді. Содан соң осы күйеуі қайтыс болса жақсы болар еді деп ойлады. Артынан сәл ойланып алып, өз ойынан өзі қорқып кетіп, асығыс киініп үйінен шығып кетті. Күйеуі пәтерге кіргенде әйелі үйде жоқ еді. Ол күйеуін күтпестен, киініп, таныс француз тілі мұғалімінің кешке қонаққа шақырған үйіне кетті.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню