Жалған купон (Лев Толстой) үшінші бөлім

тол

ІІІ
Фотография заттары дүкенінің кіре беріс есігіндегі қоңырау шылдырлады. Гимназистер ішінде клиенттері жоқ, заттарды қойып қойған дүкенге келіп кірді. Сатушы тұрған жерде витринасы бар. Артқы есіктен жүзі мейірімді келген реңсіз бір келіншек шығып, не керек еді деп сұрады.
— Мадам, жақсы жақтау болса?
— Қандай бағаға?-деп сұрады бибі, саусақтарын тез-тез қимылдатып, рамалардың әр түрін  көрсетті. –Міне мыналар елу тиындық, ал мыналар қымбаттырақ. Ал мынау сондай бір әдемі түрі, соңғы үлгідегі, бір сом жиырма тиын тұрады.
-Жарайды онда, соны беріңіз. Азырақ бағасын түсірмейсіз бе? Мына бір сомды алыңыз.
-Бұл базар емес, дүкен ғой. Мұнда саудаласпайды,-деді бибі.
-Жарайды енді,-деп Махин купонды витрина үстіне қойды.
-Рама мен ұсақ ақшаларымызды тезірек қайтарыңыз. Біз театрға кешігіп қалмайық.
-Үлгересіңдер,-деген әйел нашар көретін көзімен купонды анықтап қарай бастады.
-Мына рамада әлгі сурет әдемі болып тұрмай ма, ә!-деді Махин Митяға қарап.
-Сіздерде басқа ақша жоқ па?-деп сұрады сатушы әйел.
-Мәселе соның жоқ болып тұрғанында ғой. Әкем беріп еді, майдалап алу керек қой енді.
-Сонда бір сом жиырма тиын ақшаларың жоқ па?
-Елу-ақ тиын бар.Біз сізді жалған ақшамен алдайды деп тұрсыз ба, неменеге қорқасыз?
-Жо-жоқ, о не дегеніңіз?
-Онда ақшамды беріңіз, ұсақтап келейін.
-Сонымен мен сіздерге қанша ақша қайтаруым керек еді?
-Он бір сомнан сәл артықтау ғой деймін.
Сатушы әйел есепшотты тықылдатып, ақшалар жатқан жәшікті ашып, он сомдық қағаз ақшаны және алты екі тиындық, екі бес тиындық майда ақшаны шығарды.
-Затты жақсылап орап беріңізші,-деді Махин, асықпай ақшаны алып жатып.
-Қазір.
Сатушы затты жақсылап орап, жіппен әдемілеп байлап берді.
Митя демін ішіне сақтап, сыртқы есіктен тысқа шығып қоңырау сылдырлаған кезде барып бір-ақ дем алды. Олар көшеге шықты.
-Міне саған он сом, ал мыналарды маған бер. Мен оны саған кейін қайтарамын.
Махин театрға кетті, ал Митя Грушецкийге барып, қарызын қайтарды.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню