Жалған купон (Лев Толстой) Екінші бөлім

л.

Махин, мұрты тебіндеп қалған гимназист болатын. Ол карта ойнап, әйелдермен көңіл көтеретін, қалтасында үнемі ақша жүретін. Ол бір туысқан әпкесімен бірге тұратын. Митя Махинды жақтырмайтын, бірақ екеуі бірге жүрген кезде оған бағынатын. Махин үйінде, театрға жиналып жатыр екен, оның лас бөлмесінен әтір сабын мен иіс судың иісі шығады.
Митя басынан өткен жағдайды айтып берген кезде, ол:
-Иә, бауырым, бұл бір оңбаған іс болыпты,-деді. Митя купон мен елу тиынды көрсетіп, тағы да тоғыз сом керек деді. Бәске сағатыңды тіксең де болады, немесе одан да артық іс бар,-деді Махин көзін қысып.
-Сонда қалай?
-Жәй ғана,-деді Махин купонды алып жатып-25 с0т. Алдына бірді қойсақ болды, 12сом 50 тиын боп шыға келеді.
-Солай істеуге бола ма не?
-Енді ше, мың сомдық билетке мен біреуін істеп өткізіп жібердім.
-Мүмкін емес?
-Не қыламыз, істейміз ба?-деді Махин, қолына қаламын алып, сол қолының саусақтарымен купонды түзеп жатып.
-Бұл еткеніміз дұрыс болмас.
-Не болса соны айтасың.
«Иә, расында солай болып шықты,-деп ойлады Митя, есіне әкесінің ұрысқаны түсті: -алаяқ. Міне енді шынымен-ақ алаяқ болдым.» Ол Махиннің бетіне қарады. Махин күлімдеп, оған қарап тұр еді.
-Не істейін, тәуекел қыламыз ба?
-Тәуекел!
Махин купон бетіне әдемілеп тұрып бір таяқты қойып шықты.
-Міне енді дүкенге барсақ болады. Мында, бұрышта, фотографияға қажетті заттар сатады. Менің мына суретіме рама керек.
Ол үлкен көзді, үлкен шашты, көтеріңкі төсті, сұлу арудың суретін көрсетті.
-Қалай екен менің сұлуым? А?
-Иә, иә. Кеттік.
Махин киініп, екеуі бірге шықты.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню