Қала мен шөл дала қалай пайда болған?

қала шөл дала

Адам ата жерге түскеннен кейін Хауа анамен кездескенше, жер-жаһанды шарлап жүрді. Тау мен тасты бөктерлеп асты, көл мен теңізді кешіп өтті. Қырға шықты, сайға түсті. Жұмақта жіберген қателігі үшін өкініп, тәуба қылды.

Адам атаның табаны тиген жердің бәрі кейін гүлденген шаһар, кентке айналды. Адамзат жасыл желекке оранған қалаға тұрақтап, сая тапты. Ал Адам аяқ баспаған өңірлер шөлейт болып қалды. «Адам аяғы баспаған қу медиен» деген сөз содан қалыпты. Жаман адам туралы «жүрген жеріне шөп шықпайтын кісі», жақсы адамға тілек айтқанда, «жолыңа гүл бітсін» деп тілек тілеу де содан қалыпты. Ел аузындағы «Жақсы жүрген жеріне кент салдырар, жаман жүрген жеріне өрт салдырар» деген мақал да Адам атаға қатысты айтылған екен деседі.

Пікір

  • Адам (алейһи саллам) мен Хауа анамыз жұмақтан бірге қуылып, екеуі бірге жерге жіберілді емесм пе?

    Ержан 15.03.2016 16:37 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню