Сейсенбі күнгі сақтық | DEGDAR

Сейсенбі күнгі сақтық

кал

«Сейсенбі күні тырнақ, шаш алуға, алыс сапарға шығуға, ағаш кесуге болмайды» деген тыйым бар. Себебі, Ұлық Алла сейсенбі күні қайғы қасіретті, ауру-сырқауды жаратқан деседі. «Қисса сүл-әнбия» аңыздарында сейсенбі күні Қабыл Әбілді қызғаныштан ұрып өлтіріпті. Ең алғашқы адам қан сол күні төгіліпті. Намрұт патша Ыбырайым пайғамбарды сол күні отқа жағады. Пайғамбарға қастық ойлайды. Жүніс пайғамбарды кемеден суға лақтырады. Оны Алланың әмірімен үлкен балық жұтып, соның қарнында қырық күн жатады. Жақия пайғамбар осы күні зұлымдықпен өлтірілген екен. Зәкәрия пайғамбарды дұшпандар арамен кескілеп өлтіреді. Ол жаны шыққанша ара зікірін айтып, иманын сатпапты. Ара зікір осыдан қалыпты. Сүлеймен пайғамбар сейсенбіде жүзігін ұрлатып, сайтанға дес беріпті. Қала берді тағынан айрылып, қайыршыға айналыпты. Залымдар осы күні Салық пайғамбардың түйесіне қастық жасайды. Топан су сейсенбі күні басталыпты.

Пайғамбарлардың басындағы ауыр жағдайлар сейсенбі күні болғандықтан мұсылмандар сейсенбі күні барынша сақтанады екен. Қазақ арасында да «сейсенбіде сейіл құрма» деген мақал бар.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню