Дүниеде не өлмейді? | DEGDAR

Дүниеде не өлмейді?

nfe

    Бір жолы хан билеріне:

  — Дүниеде не өлмейді? – деп сұрақ қойғанда, алпыс би бір ауыздан былай деген екен:

— Ағын су өлмейді, асқар тау өлмейді. Аспанда Ай мен Күн өлмейді, әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:

  — Ағын судың өлгені — алты ай қыста қатқаны. Асқар таудың өлгені — басында бұл (қар) жатқаны. Ай мен Күннің өлген — еңкейіп барып батқаны. Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны. Өлмейтін сол — ғалымдардың жазғаны! – деген екен.

 

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню