Өзіңді жақсы көру карманы өзгертеді

12661982_942753425778537_2190799076502818700_n

Егер өзіңді шын жақсы көріп үйренсең, онда өмірлік кармаңды түбегейлі өзгертуге болады. Карма деген қандайда бір қылмыс үшін жазалау ұстанымы емес-ті. Карма – өмірлік күш-қуатты жұмсау ұстанымы.
Адам өзін жақсы көрген кезде оның жан дүниесінде өзгеше қуат жиналады. Сол қуатты біздер өмірлік жолымызға бағыттаймыз. Бағытталған өмірлік қуат белгілі бір адам үшін тартымды оқиғаларды даярлайды. Сол оқиғалар арқылы өзімізге деген жақсы көрушілік айқын көрініс береді. Адамдар мен оқиғалар арқылы сезімнің биіктігі байқалады. Сол сезім адамның игілігі үшін, айналасы үшін жұмсалады.
Адам өзін жақсы көре алмаған сәтте де ішінде қуат жиналады. Ол қуатты да өмір жолына бағыттайды. Бірақ бұл қуат кереғар оқиғаларды тартады. Әр жағдайда адам өзін жақсы көре алмайтын оқиғаларға кезіге береді. Оны да бөгде адамдар мен оқиғалардың өн бойынан өткізеді. Бұл жерде ешбір жақсылық туралы айта алмаймыз.
Әр адам өз өмірінде өзгерткісі келетін, түзеп қойғысы келетін, жетілдіруді армандайтын, құнарымен қуантқысы келетін нәрселер бар. Сол нәрсе адам өмірінің әр саласынан білінеді. Махаббат, қарым-қатынас, отбасы, жұмыс, қаржылай қамтамасыз етілу… Әрбір тілек орындалуға лайықты.
Адам түсініп болмас бір түйткіл бар. Тілек тамаша делік. Бірақ орындалуы қиын. Кері әсер бере береді. Неге? Карма деген адамның қиялына ермейді. Ол адамның қандай қуат бөлгеніне қарай илігеді. Бұл дегеніңіз сол адамға ең ізгі ниетпен келсек те, одан тек «жоқты» есітеміз. Артық қыламыз деп тыртық қыламыз..
Үйге келіп, мен осы не істедім? Қай жерден мүлт кеттім деп аласұрамыз… Неге шын ниетімізден опық жеп қалдық деп налимыз. Бұл неткен карма болды деп ренжиміз. Оның жауабы оп-оңай. Қандай қуат – сондай карма.
Мәселен, жеке өмірімізде сезім мен бақытты аңсаймыз. Бұл тілегіміз өте жақсы әрі орындалуы да қиын еместей. Бірақ сол тілектің түбіне қарай қаза түссеңіз, өзіңізді жақсы көрмейтініңізді бағамдар едіңіз. Мұндай адамға серік өзін жақсы көре алмағанын өтеп беруі үшін ғана керектей.
Қуаттың ақпарат тарату деңгейінде махаббат пен бақыт туралы арманымызды өзімізді жақсы көре алмаушылықпен қуаттандырады екенбіз. Есесіне не аламыз? Қуаттың орындалуын. Өзімізді жақсы көрмеу қуаты жұмсалады. Ол адамға жаңа пішінде келеді. Сол адамның сізді сүйе алмауымен оралады. Карма өзінің ісін тап-тұйнақтай орындады. Себепті салдармен тәмамдады.
Немесе қомақты жалақысы бар жақсы жұмысты қалаймыз. Жақсы жұмыс деген не? Адамға қуаныш сыйлайтын, шын ниетімен жасағысы келетін ісі. Сол істегеніңді өзгелер бағаласа нұр үстіне нұр. Лайықты жалақы деген не? Ол ақша. Пайдалы, қуанышты нәрселермен өзімізді қуантуға жеткілікті болатын ақша, сол арқылы өзімізге деген жақсы көруді, қамқорлықты еселейміз.
Яғни, жақсы жұмыс – өзіміздің бағалы екенімізді сезіну. Лайықты жалақы – өзіңе деген жақсы көру мен қамқорлықты көрсету тәсілі.
Түйткіл неде? Егер біз өзімізді жақсы көре алмасақ, жақсы жұмыс туралы тілегімізді дұрыс қуатпен қуаттандыра алмаймыз. Қуатымыз жеткілікті. Ол өзімізді жақсы көре алмау қуаты. Өзіңді жақсы көре алмасаң, бағалы, керек екеніңді ешқашан сезіне алмайсың.
Лайықты жалақы туралы тілегіміз де кері қуатпен қуаттанған. Өзін жақсы көрмеген адам өзі де сезбестен жақсы жұмысты өзінен аластап отырады. Өзін жақсы көрмеген соң, өзіне қамқорлық таныта алмаған соң адам лайықты жалақыны қалай жұмсарын бәрібір білмейді.
Нәтижесінде не шығады? Өзімізге ұнамайтын жұмыс, күнкөрістен аспайтын жалақы. Карма өзінің ісін тындырды. Себепті салдармен аяқтады.
Карма физика заңдылықтарына ұқсас. Балға болса, шегені қағасың не қолыңа тигізесің. Екі жағдайда да сол бір балға. Екеуіне де бір қуат жұмсалады. Шешуші сәт – қуаттың векторы ғана. Балға қайда бағытталғанын нақтылау.
Біздің жағдайда карма-балға өзіңді жақсы көру немесе өзіңді жақсы көре алмауға бағытталады.
Үйренерлік нәрсе – өз күшіңнің секторын айқындап отыру ғана. Іштей өзіңді жақсы көре білу. Тұрақтылық деген қиындық туғызады.
Көбіне балға саусаққа тиеді. Анда-санда ғана шегеге тиеді. Бұл екі жағдайдың айырмасын қалай білеміз? Оларды не басқарады? Әдетте – сыртқы шарттылықтар. Бірақ өмір деген тіршілік қой. Ауа-райы өзгерген сияқты сыртқы шартты жағдайда құбылып тұрады. Сыртқы үйлесім адамның ішкі махаббатын алып кетеді. Сол кезде қайтадан карма-балға саусаққа тиеді.
Бұдан түсінгеніміз бүкіл өмір сыртқы шарттарға тәуелді. Өз үйі жоқ адам сияқты өмір сүреміз. Дала кезіп кеткендей күйде жүреміз. Біресе, төбеден төне түскен күннің аптабына күйеміз, біресе жауын астында ақалмыз, біресе қарлы дауылға тап боламыз..
Ал, шын мәнінде өзіңді жақсы көру деген – ішкі әлем. Жан дүниеміздегі өлең төсегіміз. Ол жер ылғи да жылы, бақыт сыйлайды. Іштегі жақсы көру үйіміз бар болса, онда сыртқы шарттылықтарға бейжай қарайтын боламыз. Іштегі жан жылуы бар үйімізден шығып сыртқы әлеммен қашан амандасатынымызды өзіміз шешеміз. Сыртқы жағдай жағымсыз болса, өз өлең төсегімізден шықпай қаламыз. Өзімізді жақсы көреміз. Карма-балғаны саусаққа емес, шегеге бағыттай береміз.
Адамның өзін жақсы көруі таңдау мүмкіндігіне ие қылады. Мұндай адам өз кармасын өзі таңдайды. Карма заңдылығы физика заңдылықтары сияқты соқыр келеді. Олар бар. Жүйелі жұмыс істейді. Ал, көз деген біз.
Өзімізге жақсы көріп қарасақ, карманы қайда бағыттайтынымызды көреміз. Себеп пен салдарды анық байқаймыз. Сонда өмірімізді толық басқарамыз.
Иә, карманы басқаруға әбден болады. Карманы басқару керек.
Карма адамды жазалау үшін ойлап табылмаған. Әр адам себеп пен салдарды өз қолымен жасасын деп берілген. Карма – бізден тыс нәрсе емес. Ол біздің жан дүниеміздегі қуат. Оның тамыры адамның өзін жақсы көруінен өнеді.
Іштей өзімізге деген сезімді тұрақты ете білсек, карма да тұрақты әрі басқаруға икемді бола түседі. Ол адамның өзіне деген жақсы көру сезімімен басқарылады.
Сонда адамның барлық арманы орындала бастайды. Махаббатын жолықтырады. Ата-анасымен, балаларымен тату болады. Жұмыс жүріп, мақсаттарына оңай қол жеткізеді. Осының бәрі адамның өзін жақсы көруден басталады екен.
Егер карма-балға үнемі саусаққа тиіп жатса, оның қуаты қашан таусылады деп күтіп отыра бермеңіз. Кармадан қашып құтылмайсың деген бекер сөз. Кез келген сәтте қуаттың бағытын өзгерте аламыз. Карманы түзеп жіберуге әбден болады. Егер ешқашан бақытты бола алмаймын деп ойласаңыз, жақсы жұмысқа тұрмаймын, лайықты табыс таппаймын деп үрейленсеңіз, оның бәрі бекер.
Кез келген сәтте бәрін өзгертуге болады. Өзіңіздің тағдыр тәлейіңізді өзгерте аласыз. Өйткені, адам кез келген сәтте өзін жақсы көріп үйреніп кете алады. Өзін жақсы көру – өте маңызды. Өзіңді жақсы көру үшін жақсы күнді күтіп жүре берудің қажеті жоқ. Ондай шарт жоқ. Ол шарттың бәрі біздің жан дүниемізде. Ішіңізден өзіңізді жақсы көріңіз.

Аударған Шынар Әбілдә

Пікір

  • өзімді жақсы көру үшін қандай жаттығулар жасауға болады?

    Қайрат 24.03.2016 17:27 Ответить
  • Озимизди калай жаксы коруге бодады

    Асия 21.12.2017 13:31 Ответить

Добавить комментарий для Қайрат Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню