Хакім Сүлеймен

Новый рисунок

Бұл оқиға Сүлеймен Бақырғанидың бала күнінде болған екен дейді аңызда.

Бірде Қожа Ахмет Яссауи бабамызға Қызыр ата қонаққа келеді. Яссауи бабамыз онымен сұхбаттасып отырып, шәкірттерін даладан отын теріп әкелуге жұмсайды. Күн бұлтты екен. Шәкірттер отын жинап бола бергенде жауын құйып кетеді. Бәрі отындарын арқалап медресеге жетеді. Бірақ, сулы отын қанша тұтатса да жанбайды. Тек Сүлеймен деген бір шәкіртінің ғана отыны құрғақ боп шығады. Яссауи бабамыз зер салып қараса, Сүлейменнен басқасының үсті құп-құрғақ екен.

— Неге сенің шапаның су? — деп сұрайды Сүлейменнен.

— Отын әкеле жатқанда жаңбыр құйып кетті. Отыным су болар деп, оны шапаныма орап алдым. Сулы отынмен ұстазымның көңіліне кірбің түсіргім келмеді, — дейді Сүлеймен.

Яссауи бабамыз оған риза болады. Оның жанында тұрған Қызыр ата:

— Бұл бала жас болса да бойына хакімдік дариын депті» — деп Сүлейменге назарын салған екен. Қызырдың батасын алған Сүлеймен сол сәтте ерекше күйге бөленіп, жүрегінен хикмет бұлақ болып аққан екен. Жұрт осыдан бастап оны Хакім Сүлеймен атапты.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню