Оқшы мен Есабыз

b0NCkCm0

   Шиелі өңірінде Оқшы ата мен Есабыз әулие туралы аңыздар бір-бірі мен  байланыстырылып айтылады. Бір қорымда  қатар жатар екі арысты жұрт бөлмейді. Құран оқыса бірге бағыштап жүреді.

  Енді қасиетті бабалар туралы сол аңыздар былай екен.

  Оқшы жас кезінде жетім қалады. Күнкөріс үшін ел аралай жүріп, жалғыз қызы бар бір кемпірмен шалға тап болады. Олар мұны өздеріне бала етіп асырап алады. Оқшы кемпірді ана, шалды әке, қызды қарындас санайды. Ер жеткенде олардың асыраушысы өзі болады. Егін егіп, диқандықты кәсіп етеді.

  Жас жігіт еңбекшіл ғана емес, құдай бойына қасиет берген азамат болып өседі. Оның кірпігінің қалындығы сондай, көзін жауып тұрады екен. Кірпігін колмен көтеріп қалғанда, бір күншілік жердегіні көретін қасиетті болады. Мал жоғалтқан адамдар жоғының дерегін білу үшін Оқшыға келеді екен. Ол кірпігін көтеріп қалып, «малыңыз пәлең жерде жайылып жүр» деп, жөн сілтейді. Барса, расында солай болып шығады. Оқшының аты біртіндеп елге осылай тарайды. Сол бір заманда елді қалмақ жаулап алды да, оның ханы елге өзінің тәртібін орнатады. Жебір  билеуші жұртқа мынадай шарт қояды:

— Мені күнде бір үй асырап, қалыңдыққа қызын беретін  болсын!!!

  Хан жарлығы екі болмай, орындала бастайды.

Тәлкекке түскен ел күңіреніп, күйзеліске ұшырайды. Қаршы шығар амал таппай дағдарады. Осындай  күндердің бірінде ханды күтіп, оған қыз беру кезегі Оқшының ата-анасына да жақындайды.

  Оқшы күншілік  жердегі егін басында арпа орып жатыр екен. Ол жаққа жүрерде, ата-анасына : — Алда-жалда бір жаманшылық төнсе, атым бір хабар білдірер,  бұл озыбыр  ханның азабынан әлі-ақ құтылармыз,- деп атын қалдырып кеттеді.

  Кезек кемпір-шалдың үйіне, оның жалғыз қызына да келеді. Екі қария зар илеп жылағанда, кермеде байлаулы тұрған аты тыпыршып, зор дауыспен кісінеп коя береді. Кісінеген атының дауысы күншілік жерде арпа орып жатқан оқшының құлағына жеттеді. Озыбыр ханға қатуланған Оқшы Аллаға сыйынып, бір апаның қылтығын алақанына салып дұшпанға бағыттап үрлеп жібереді.

  Хан қаза табады. «Жауызды өлтіріп, халықты азаптан құтарған кңм болар екен» — деген түрлі әңгіме елге тарайды екен.Бірінің қылышы, бірінің қанжары, енді біреуінің пышағы қан жалаған талай жігіттер « Ханды өлтірген мен» ,- деп шығады. Сол кезде Оқшының ата-анасы:

 — Біздің баламыздан да сұраңдаршы, мүнкін сол білер кім өлтіргенін,-дейді.

Жиналған жұрт Оқшыға адам жіберіп, алдыртады.

Келген соң, «ханды мен өлтірдім» деп, таласқан талай азаматтарды көріп, Оқшы сұрайды:

— Хан неден өліпті?

—   Жүрегінен жаралы болып өліпті,- дейді халық.

— Онда жүрегін жарып көріңіздер, егер арпаның қылтығы жүрегіне қадалып тұрса,  менің атқан оғым, — дейді Оқшы, расында да осылай болып шығады.

Шын есімі Көгентүп жігіт содан былай Оқшы атанады.

Енді Есабыз туралы аңызна келсек, Есабыздың жасы Оқшыдан кіші екен. Оның әулиелер аруақтарымен тілдесетін қасиетті болған көрінеді.

Бір күні Оқшы ата Есабызға аян беріп:

— Пәниліктен бақилыққа өткеніңде менің қасыма кел, қатар жатамыз,- дейді. Есабыз ата айтады:

— Сіз сұсты адамсыз, менің иім жұмсақ, тілек тілеп келгендердің көңілін жықпаймын, осы ретте қатар жатып жарыспай қаламыз ба  деп қиналамын.

— Қам жеме, екеуміз тіл табысамыз, біздің атымызды атап келгендердің тілеуін Алладан бірге сұраймыз, — дейді.

Содан көп ұзамай Есабыз сырқаттанады. Жаз мезгілі екен көңілін сұрай келгендерге:

 — Көп ұзамай дүниеден өтемін. Мені Оқшының жанына апарып жерлеңдер,- деп өсиет айтады. Жиналған ел-жұрт дағдарып:

 — Оқшы күншілік жерде, күн болса ыстық сізді қалай жеткіземіз? – дейді.

Сонда Есабыз:

— Мен көз жұмған күні көлік өзі келеді, қам жемеңдер, қинала қоймайсыңдар,- дейді.

 Көп ұзамай шілденің ыстығында, Есабыз дүниеден өтеді. Айтқанындай, ақ  сәлделі, ақ киімді, ақ түйе жетектеген бір кісі келеді. Ел-жұрт қараша үйдің керегесін табыт қылып, соның үстіне мәйітті жайластырады.  Кереге табытты түйененің үстіне қойғанда, ол байламай-ақ  тұрып қалған екен. Қазашылар мәйітті алып жолға шыққанда, бір үйдің аумағындай бұлт үйіріліп, Есабыздың үстіне көлеңке болып, бүкіл жол бойы ереді де жүреді. Жолға шыққандар Оқшы ата қорымына қиналмай жетіпті.

Түйені шөгеріп, табытты жерге қойғаннан кейін әлгі түйелі кісі жоқ болып кетіпті. Бұл Есабызды өзінің қасына алып келген Оқшының рухы болса керек деседі.

Содан бері ел-жұрт осы киелі кісілердің рухына бірдей зиярат етіп келеді.

Пікір

  • You mean I don’t have to pay for expert advice like this an?mroey!

    Nona 21.06.2016 23:10 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню