Өмірге ғашық болу — 6

professionalnaya_nastroyka_i_remont_pianino_royaley__105726

Үш жыл бұрын наурыз айының басында қалаға көлікпен шығып бара жаттым. Ұзынағаштан шыға бергенде бір егде әйел адам қол көтерді. Тоқтап ала кеттім. Қазақ емес. Орысша сөйлегені болмаса, орыс та емес. Түріне қарап еврей болу керек деп ойладым. Көзі ашық, мәдениетті адам екені көзге ұрып тұр. Сыпайы амандасып, жайғасқан соң мені әңгімеге тарта бастады.  Ол:

— Бала күнімізде шешеміз наурыз басталса болды: «Жаңа жыл құтты болсын!» деп отырушы еді. Қазір соны ел ұмытуға айналды. Елдің бәрі 31 желтоқсанға үйреніп алды. Ақылмен ойлап қарасаң, 1 қаңтар күні не жаңарауы мүмкін? – деді.

— Иә, расында не жаңаруы мүмкін? Бәрі бәз қалпында қалады. 22 наурыздағыдай күн мен теңеліп, ертесіне жаңа уақыттың санағы басталса бір жөн,-дедім.

— Әлі есімде. Әжелеріміз бірінші шыққан бәйшешекті қар астынан теріп әкеп, міне жаңа жыл басталды деп қуана көрсетіп жатушы еді. Қаңтарда шыршаны қанша айналсақ та әліге дейін жаңа жылдың жаршысы бәйшешек сияқты көрінеді де тұрады. Маған оның сөздері  жағып кетті. Осылайша әңгімеміз жарасып сала берді. Мен де наурыз туралы біраз нәрсе айтқан болдым. Біраздан соң мен:

— Кім болып істейсіз? – дедім.

— Фортепианодан сабақ беремін.

— Жақсы ғой!

— Әрине. Өзіме ұнайды. Зейнетке баяғыда шыққам. Жұмыстан жібермейді. Өнер мектебінде адам жетіспейді. Амал жоқ. Ақша үшін үйретем. Қызыңыз болса, маған үйірмеге беріңіз.

— Телефоныңызды беріңіз. Әйел, бала-шағаммен ақылдасып, бір хабарын берейін.

beautiful-book-cute-girl-Favim.com-884597

Жақсы күтемін, – деді. Есімі Ольга екен. Ольга апайым орта жолда түсіп қалды. Ертесіне отбасыма оралған соң үйірме туралы айттым. Он жасар қызым қуана-қуана келісті. Ертеңіне Ольга апайды өнер мектебінен оп-оңай тауып алдым. Мені көріп: «Келдіңіз бе?» – деп қуанып кетті. Музыкаға  қабілетін тексеріп көрді де: «Негізі, фортепианоға алты жастан аламыз. Бірақ қабілетті қыз сияқты. Аламын», – деді. Хош, сонымен аптасына үш рет сол кісіден сабақ алатын болдық. Жарты жыл өткенде Ольга апай мені шақыртып:

— Қызыңыз маған ұнады. Кеш келсе де, тез үйреніп кетті. Өте алғыр бала. Болашақта қызыңызды музыкаға біржолата бергіңіз келмей ме? Әрі қарай консерватория дегендей. Ол үшін, әрине, қызыңыз біраз жарысқа қатысып лауреат атануы керек, – деді.

— Олай болмайтын шығар. Өскен соң көңілі сүйген мамандығын өзі таңдай жатыр. Мен әзірге айта алмаймын.

— Музыка, өнер деген тамаша нәрсе ғой. Мәдениеттің нағыз мәйегі, – деп мені қызықтыра бастады.

— Иә, бірақ мен қызымды сол лауреат атануға емес, мәдениет үйренсін деп әкелгем.

— Қалай сонда?! Лауреат атанбаса, өнер жолындағы карьерасы қалай болады?!

maxresdefault

Мен сізге «баланың жан дүниесін классикалық музыкамен байытып берсе» деген ниетпен бергем. Ал карьераға деген құштарлық іштарлықты қоздырады. Мен өнер ортасын өте жақсы білем. Сахнаның арғы жағында лауреат атану үшін қандай қырқыстар болатынын талай көргем. Кіп-кішкентай бүлдіршіннің ондай мясорубкаға осы бастан түскенін қаламас едім. Сондықтан сізге зор өтініш: бұдан былай маған да, қызыма да ондай ұсыныс айтпай-ақ қойсаңыз, жақсы болар еді. Себебі конкурсқа қатысып жеңіп шығудың нендей әдістермен жүзеге асатыны бесенеден белгілі емес пе? – дедім. Ольга апай ойланап отырды да:

— Жарайды. Солай-ақ болсын. Мен тек талантты қызға обал болмасын деп қана айтып отырмын, – деді де, басылып қалды. Маған сөзін өткізе алмағанына аздап өкінгендей де болып көрінді. Осыдан соң біраз уақыт мамыражай заман орнады. Үйімізде батыстың неше түрлі классикалық шедевр шығармалары тұрақты ойнала бастады. Расында да рақат! Көз алдыңда кішкентай қызыңның күн санап өнер үйреніп, гүлденіп отырғаны неткен қуаныш десеңізші! 2014 жылдың қара күзінде Ольга апай тағы шақыртты. Бардым. Ол:

— Алматыда жарыс болады. 17 мың теңге төлеу керек. Қызыңыз сол конкурсқа  қатысса, жақсы болар еді, – деді.

— Неге? Менің қызым қатыспаса болмай ма?

— Сіз ақшадан қиналып тұрсыз ба?

— Жоқ. Менде ақша бар. Бірақ біз конкурс туралы айтпаймыз деп келісіп едік қой.

— Иә, солайы солай ғой. Бірақ бұл үлкен конкурстың да пайдасы бар. Ауылдың қыздары қаланың балаларымен жарысып, психологиялық кедергіден өтеді. Үлкен ортада өздерін еркін сезініп үйренеді. Жасқаншақ болып қашанғы жүреді провинцияда? Көрсін де үлкен ортаны.

— Грамота, сыйлықтар бере ме?

— Әлбетте. Онсыз бола ма? Балаларды кәдімгідей марапаттайды.

cbRoANSxoJu9bbM2oiZ2oZ5haiXq3A

Міне, көрдіңіз бе? Осы марапат маған ұнамайды. Себебі адам  баласы өнерді жан дүниесін жайната түсу үшін ғана үйренеді. Ертең ол жерге неше түрлі ата-аналар жиналады. Әбден әккі болған ата-аналар айналма әдістерді іске қосады. Шай-пайын ұйымдастырып, шын таланттың жолын кеседі. Соның бәрін қызым көреді. Психологиялық травма алады. Осының бәрін есепке алар болсам, мен үшін бұл конкурстың бір мысқал да мағынасы жоқ! Мен мағынасыз затқа басымды қатырмаймын, – деп кесіп айттым. Бірақ Ольга апай да сасқан жоқ. Қанша дегенмен, еврейдің аты – еврей. Мат қоюды шебер меңгерген. Ол:

— Жарайды, Санжар, сіз үшін бұл конкурстың мағынасы жоқ екен. Сіз өзіңіз бен қызыңызды ойлап отырсыз. Ол жағынан сізді қолдаймын. Тіпті қызығып отырмын сізге.  Бірақ олай кете берсек, мені кім ойлайды?

— Сізге не боп қалды?

— Қалай не боп қалды? Менің де басшыларым бар. Олар менен нәтиже күтеді. Олар үшін өмірдің мәні – сол! «Неше жылдан бері бала оқытып жүрсің, неге сенің шәкірттерің конкурста орын алмайды?» деп мені қыспаққа алады. Сонда мен сіздің ұстанған өмір салтыңыз үшін  басшылықтан сөз естуім керек пе? Осы ма мағыналы өмір? Егер мені қиындыққа қалдырып кететін болсаңыз, одан сіз қандай мән табасыз? – деген кезде мен шынымен де тосылып қалдым. Айтарға уәж таппай отырып қалдым. Сәлден соң:

— Жарайды. Онда қызым конкурсқа грамота үшін емес, сіздің абыройыңыз үшін қатысады.

— Олай болса, тіптен жақсы, – деді ол қуанып. Содан үйге келдім де, қызымды дайындадым. Оған: «Ертең жарысқа барасың. Орын алам ба, жоқ па деп басыңды қатырма. Апайым риза бола ма, жоқ па деп қана қатыс. Барыңды сал. Аянып қалма», – дедім. Әрине, Алматыда арнайы мектепте тәулік бойы дайындалатын профессионал балалардан асып түседі деген есек дәме бізде болған жоқ. Бірақ провинцияның деңгейінен жоғары көрінсе, соның өзі оларға жетіп жатыр. Ертесіне барып ақшасын төледім. Ол да –  ақша жеудің жетілген бір түрі. Оқушы өзі барып, өзі келуі керек. Үзілісте ас-ауқат, кофе брейк деген атымен жоқ. Тек конкурс біткен соң балаларға жылтыраған медаль-седаль сияқты арзанқол жылтырақтарды таратып бермекші. Үндегем жоқ. Білмеген адам боп кете бердім. Өзімен бірге қатысатын бір қыздың әкесі жеке көлігімен бәрін топырлатып Алматыға алып барып, алып келді. Қойшы, әйтеуір не керек, сол күні кешке қарай конкурстары ақыры бітті ғой. Ольга апайы біте салысымен маған телефон толғады. Апарған оқушыларының бас жүлдені алмаса да, биіктен қалай көрініп, топырлатып мақтау қағаздары мен медальдарды қалай қырып алғанын асыға-аптыға айтып жатты. (Бас жүлденің қалай анықталғаны онсыз да анық қой). Сөзінің соңында:

конкурс-пианистов

— Кешке мәдениет үйінің алдына келіп, қызыңызды алып кетіңіз, – деді. Бардым. Көліктен оқушыларымен топырлап түсіп жатыр. Ольга апайдың қуанышын көрсеңіз ғой! Қуанышы қойнына сыймай тұр. Шәкірттерінің жетістігін айтып, жолдың жағасында шаттана мақтанып, жарты сағат балпылдап әңгіме айтып тұрып алды. Шәкірттерінің қолында бір-бір мақтау қағазы. Мойындарына сары жезден жасалған бір-бір медаль салбыратып іліп қойыпты. Қысқасы, мен мақсатыма жеттім. Ольга апайды қуанышқа бөледім. Қыспақтан құтқардым. Басшылығы оған претензия қоя алмады. Ал қызымыз болса әу бастан бас жүлде мен атақтардан дәмелі болып бармағандықтан, сахнаның арғы жағындағы пыш-пыш әңгімені елемеген күйі шат-шадыман күйде үйімізге оралды. Мен не үшін мұндай стратегияны таңдадым? Себебі, Виктор Франклдың тұжырымы бойынша Табиғат адам баласына талантты атаққа таласу үшін емес, кісіні қуанышқа бөлеу үшін ғана берген. Егер осы пікірді хош көретін болсақ, біздің стратегия өзін ақтады деген сөз. Тағы да қайталап есіңізге сала кетейік. «Адам не үшін өмір сүреді?», «Адам өлгенше не істеп қалуға міндетті еді?» деген сұрақтарға былай деп жауап берген болатын: «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» – қартайып шау тартқанша адамдық борышың – адам ұрпағына қуаныш пен шаттық сыйлау. Кез келген адамға жаның ашып, оның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне, тіліне, жынысына қарамастан, оларға адал қызмет етіп, еткен қызметіңе мақтау, бодау, ақы күтпестен, шаттық сезімге шомылып жүру Өмірдің Негізгі Мәні болып табылмақ».

6OjDEbxElX0

Әлбетте көп ел менің бұл әрекетімді түсіне алмайды. Олар мені «баласының бағын байлады» деп те ойлайды. Бірақ логотерапия бойынша олай емес. Бұл ілімнің теориясы бойынша Құдай берген дарынды пайдаланып ондай мүмкіндікті іліп түсетін пысықтықты потенциализм деп атайды. Яғни талантты адамның бойында кісі қызығатын мүмкіндік мол болады. Бірақ логотерапия сұрақты былай қояды: «Талантты адам потенциалын пайдаланып, атағын шығаратын әрбір мүмкіндікті мүлт жібермей даңқын шығаруы керек пе әлде сол дарынымен елге танылмай-ақ Табиғаттың талап еткен жалғыз ғана адамшылық парызын орындауы керек пе?» Меніңше ақылды адам міндетті түрде осы парызды таңдауы керек. Егер біз «қалайда жүлделі оралуымыз керек» деген далбаса бағытты таңдағанда жең ұшынан жалғасып жатқан, шым-шытырық жемқор жүйенің құрбаны болар едік. Қызымыз да әділетсіз шешімдерді көріп шок алар еді. Ал, әділетсіздік – адамның өмірге деген құштарлығын жоятын ең ірі факторлардың бірі.  Сондықтан, бұл бәлеге ұрынбаудың жалғыз жолы -өзіңнің бағың үшін емес, өзгенің шаттығы үшін өмір сүру.

Санжар Керімбай

Пікір

  • мунда да акылды адамдар,,омирдин маганасы неде екенин тусинетин адамдардын,бар екендиги мени куантты,айтпесе кайда кетип бара жатырмыз деген ойлар катты мазалаушы еди,СтиВ Джобстын олер алдында аурухана тосегинде жатып айткан создерин арбир азамат окыса го ширкин,,

    семсер 20.12.2015 10:54 Ответить
  • Керемет. Шіркін……

    Айдар 29.01.2016 18:52 Ответить
  • Өзіміз болу Қасиетті Құранның қағидалары мен саф хадистердің санада салтанат құруы арқылы ғана жүзеге аспақ. Логотерапия Iлiмi де бір адамның сызып берген сызығы деп түсіндім.

    Алаш 30.01.2016 23:15 Ответить
    • Алаш сен боқ жемесей, Сакенин атып тұрғаны дұрыс нәрсе… өзін сызықсың

      Көкем 01.02.2016 01:31 Ответить
  • Қандай сүйсінерлік жан тыныштығы.рахмет

    Ажар 03.11.2016 17:19 Ответить
  • Білім саласында ондай бар… кімнің қай орын алатыны алдын ала белгілі! небір талантты баланың бағын байлап, сағын сындырады сол нәрсе. Өкінішті!!!

    критик 12.12.2016 21:36 Ответить

Добавить комментарий для семсер Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню