Еншісі бөлінбеген қазақ

1383240663_edil-o

Ертеде Сарыарқада малды алғаш рет қолға үйреткен абыз қария өмір сүріпті. Оның үш ұлы болыпты. Қарияның төрт түлігі сардаланың төсіне сыймай жайылыпты. Ақсақал пәниден өтерінде барлық малын төртке бөліп, ұлдарына аманат етіпті. Сонда балалары әкесінен:

– Біз үшеуміз, ал малды төртке бөліпсіз. Төртінші бөлік кімнің еншісіне тиеді? – деп сұрайды. Қария балаларына қарап:

– Ол құдайы қонақтың сыбағасы болады. Қонақтың малы сендердің малдарыңмен бірге өсіп-өнсін. Бір қорада төлдеп, бір далада жайылады. Құдайы қонақ келгенде ол өз үлесін жейтін болады. Үйлеріңе қонақ келгенде ас-ауқаттан тарылмаңдар. Өзіне тиесілі малдан семізін сойып, етін асып, тамағын дайындап беріңдер! – деген екен.

Содан бастап көшпенді қазақ арасында құдайы қонақты далаға қондырмай, үйіне түсіріп алу дәстүрге айналыпты. Үй иелері де қонаққа «сіздің сыбағаңыз» деп қиналмай қой сойып беретін болыпты. Заман өте келе қарияның үш ұлынан өрбіген ұрпақ қазақтың үш жүзін құрапты. Үш жүзден тараған барлық ұрпақ осы дәстүрді бұлжытпай орындайды екен. Ел аузында «еншісі бөлінбеген қазақ» деген сөз осыдан қалыпты.

 

Пікір

  • СӘЛ ТҮЗЕТУ; «Қонақ асы — «бөлінбеген еншіміз!»…Еншісі бөлінбеген қазақ жоқ, тек «құдаиы» қонақтың еншісі бөліске түспеген ОЛ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚТЫҢ (қонақтағы) ОРТАҚ ЕНШІСІ

    жыланшы 30.11.2015 19:05 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню