Өсімдіктердің түр-түске бөленуі

528-222_1

Алла тағала жер бетіндегі өсімдіктерді жаратып болғаннан кейін, аспанға кемпірқосақты шығарады. Ол кезде өсімдіктердің бәрі тек жасыл түсті болыпты. Алла өсімдіктерге:

– Мен сендерге таңдау беремін. Кешке дейін кемпірқосақтан өздерің ұнатқан түсті сұрап алыңдар. Кім қандай түсті таңдаса, қияметке дейін сол түс оның меншікті реңі болып қалады, – деді. Содан барлық өсімдіктер жеті түрлі жолақты кемпірқосақтан өздеріне қажетті түсті таңдап алып жатады. Алма:

– Маған қызыл түс ұнады, соны бер, – деді. Кемпірқосақ қызыл сәулесін алмаға түсіріп, оны қызыл түске бояды. Алманың нарттай түріне қызыққан қызанақ:

4VRCaYb2JYk

– Осындай түсті маған да бер. Менде қызыл болғым келеді, – деді.  Қызанақ та лезде қып-қызыл болып шыға келді.

Жемістердің ішінде баклажан көрсеқызар екен. Ол алма мен қызанақтың түсіне қызығып:

– Әй, кемпірқосақ маған да осы түсті бер, – деді. Әп-сәтте кемпірқосақ баклажанды қызыл реңге бөледі. Бірақ Баклажанға қызыл түс ұнамай қалады. Ол:

– Жоқ, менің қызыл түсті болғым келмейді. Маған көк түсің ұнап тұр. Соны бер, – деді. Баклажанның мінезін ұнатпаған Кемпірқосақ:

– Мен берген түсімді қайта ала алмаймын. Мә, саған онда көк түс, – деп қызыл түстің үстіне көк түсін шашып жібереді. Баклажан күлгін түсті болып шыға келеді.

– Қалай енді түсің ұнады ма? – деді Кемпірқосақ.  Баклажан басын төмен салып, бұртиған күйі сөйлемей қояды. Жеміс-жидектер мен көкөністердің бірінен кейін бірі әдемі түске еніп жатқанын көрген қияр жапырағының арасынан шыға алмай біраз әуреге түседі.

Ал дәу асқабақ маңғаз қалпы асықпай:

– Менің сары түсті болғым келеді, – деді.

– Болсын, – деп Кемпірқосақ оған сары түсінен шашып жібереді.

Сол сәт секіремін деп жапырақтарының арасынан сәл басы қылтиып көрініп қалған қиярға сары түстің бір тамшысы тамып кетеді. Лезде-ақ қиярдың басындағы жап-жасыл гүлі сап-сары боп шыға келеді. Қуаныштан беті бал-бұл жанған Қияр отыра қап басындағы сары гүлін тамашалауға кіріседі.

Ал, асқабаққа сары түс түгел жетпей қалады. Оның денесінде жасыл жолақтар қалып қояды. Бірақ асқабаққа осы түсі де қатты ұнайды.

Бағанадан бері айналасындағы болып жатқан оқиғаға ұйқылы-ояу қарап жатқан Қарбыз Асқабаққа қызығып кетіп, Кемпірқосақтан әдемі бір түсті сұрап алайын деп ойлайды. Бірақ әрі таңдап, бері таңдап тұрып алады. Бұл кезде кемпірқосақ лимон, ананас, жүгері, шабдалы, сары өрік, банан сияқты жемістерге өң беріп жатады. Кеш батып, қас қараяды. Кемпірқосақ кетіп қалады. Ал, кешке дейін өзіне лайықты түс таңдай алмаған қарбыз жасыл күйінде қалады. Содан бері ол Кемпірқосақтың шығуын күтіп, үнемі аспанға қарап жататын болыпты.

Пікір

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню