Әбіл мен Қабыл оқиғасы

2014-10-27_134708

Ұлық Алла Адам атаға әмір беріп:

– Мен үшін Меккеге барып үй тұрғыз, – деді.

– Ол жерді қайдан табамын, – деді Адам.

– Мына құстың соңынан еріп отыр, ол саған жол көрсетеді, – деп, көкқарғаны жіберді. Көкқарға ұшып отырып, Адам атаны Мекке жеріне алып келді. Осы сапарда Адам ата Хауа анамен қайта табысты. Екеуі шаттанып, Мұхамбет пайғамбарға қисапсыз салауат айтты. Көкқарға Адам атаға жол көрсеткені үшін, кейінгі ұрпағына «оны өлтірмеңдер» деп өсиет қалдырды.

Адам ата Меккеге барып Алланың үйін тұрғызды. Одан соң Хауа ананы ертіп, Үндістан жеріне келді. Үндістан ежелден тіршілікке жайлы мекен еді. Алла тағала екеуіне риза болып, көктен жеті саулық, бір қошқар түсірді. Адам ата қой бағып, мал басын көбейтті. Қой сол кезден бастап берекелі жануарға айналыпты. Хауа ана жүнін иіріп, киім тікті.

Бір күні Хауа ана бір ұл, бір қыз босанды. Ол кезде Адам ата аңшылықта жүрген еді. Алла Адам атаға аян беріп:

– Ұлыңа менің бір есімімді қосып азан шақырып, ат қой, – деді. Адам ата қуанышты хабарды естіп, үйіне жеткенше, Ібіліс оның алдын орап кетті.

Ібіліс періште кейпінде Хауа анаға келіп:

– Ұлыңа Қабылхарис деп ат қой, – деді. Харис Ібілістің бір есімі еді. Хауа ана байқама     й баласына сол атты қойды. Адам ата бұл жайтты естіген соң, бір сұмдықтың болатынынан қатты алаңдады.

Хауа ана екінші рет құрсақ көтеріп, дүниеге егіз бала әкелді. Адам ата ұлына Әбілмұғис, қызына Ләбуда деген есім берді.

Балалары кәмелеттік жасқа келгенде, Әбілді Қабылдың сыңары Ақлимаға, ал Қабылды Ләбудаға айттырды. Ақлима Ләбудаға қарағанда сұлу еді. Қабыл Ақлимаға үйленгісі келді. Бірде Адам ата қажылыққа кеткенде, Қабыл інісіне:

– Әкеміз дұрыс айттырмады. Бізді Құдай айттырсын. Кел, екеуміз Аллаға құрбан шалайық. Құрбандықтың қайсысы қабыл болса, сол Ақлимаға үйленеді, – деді. Қабыл егін егіп, Әбіл қой бағатын. Қабыл жарамсыз, нашар бір десте бидай әкеліп, тастың үстіне қойды. Әбіл отарындағы ең семіз қойын Құдай жолына арнады. Бір кезде найзағай ойнап, семіз қойға жай түсті. Ал, бидай отқа өртенбеді. Ол кезде Құдай құрбанды қабыл алғанын от арқылы білдіретін.

Сонда Ібіліс Қабылдың жанына келіп:

– Әй, Қабыл, сен арақ ішпейсің, пұтқа табынбайсың. Аллаға құлшылық етесің. Бірақ, Алла құрбандығыңды бәрібір қабыл алмады. Өйтіп әуре болғанша арақ ішіп, құлшылыққа кеткен уақытты қызыққа арна, – деді. Қабылға Ібілістің ақылы нанымды көрінді. Ол күйіктен арақ ішті. Қатты мас болған кезде іштарлығы шыдатпай, інісін ақыры таспен ұрып өлтірді. Әбілдің қаны жерге сіңбей, ұйып қалды. Содан бастап адам қаны жерге сіңбей, қатып қалатын болыпты.

Бұған дейін жер бетінде кісі өлімі болмаған еді. Қабыл інісінің өлі денесін қапқа салып, апталап арқалап жүрді. Жансыз дене борсып, иістене бастады. Не істерін білмей абыржып жүргенде, екі қарға бір-бірімен шұқысып, біреуін өлтіріп қойды. Тірі қалғаны аяғымен жер қазып, өлгенін көмді. Қабыл да інісін осылай топыраққа жерледі. Содан бастап адамды жерге көму парыз болды. Әкесінің қаһарынан қорыққан Қабыл сыңары Ақлиманы алды да, қашып кетті.

Адам ата не болғанын білген соң, «Жалғыз бауырын өлтірген қараниет, қанішер. Ұрпағың алдыңа келтірсін», – деп Қабылды қарғапты. Осы күнге дейін кісінің қанын төгіп, адамды өлтіретін қанішер Қабылдың ұрпағы деседі. Қияметте күллі адам ұрпағы топырақтан қайта тірілгенде, адам қанын мойнына жүктеген қылмыскерлер Қабылдың сапында тұрады екен.

Пікір

  • адам ата мен хау ана мұқамет ке сансыз салауат айтты-деген қалай түсінуге болады. Біріншіден, мухамет бірінші жаралған ба, жоқ адам ата бірінші жаралғанба?

    Екіншіден адам неге алахқа сансыз салауат айтпай бірден мухаметке сансыз салауат айтады.

    Үшінші ден Адам атаның құранда өз аты бар емеспе, адам ата-инсан деп, аты сафиолла делінбейме?

    Бұл өтірікшіліктің шегі болама тегі

    қазақ 25.11.2015 00:32 Ответить
    • Ассалаумаликум.»Дуниенин басы да Мухамбет,акыры да Мухамбет». Бауырым,пайгамбарымызга с.г.с салауат айтса Аллага жакпайтындай айттын го. Айтса айтсын салауат пайгамбарга. Одан ешким жаман болмас. Адам Ата десе де тусинистик казакка,алде «Ата» дегени унамай отыр билем саган… Калай кылсан да Ата ол биз ушин. Не отирик,не шын екенин Бир Алла биледи. Пикиринмен елдин ашуын келтирме,жалгыз озин акылды болса.

      YerQosai 17.10.2017 11:38 Ответить
  • Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың нұрынан күллі 18 ғалам жаралған. Сосын салауат айтты. Толығырақ Сияр Шәріпте бар.

    Алтынбек 26.11.2015 11:10 Ответить
  • Сулимен калаи су патшасы болды

    марат 24.02.2017 00:14 Ответить
  • Паигамбарлар туралы хикаялар жазыныз

    марат 24.02.2017 00:19 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню