Жұмақта бір ғажайып таң атыпты…

3ea0972d048212e85400192b22107ac0

1917 жылға дейін большевиктер жойып жіберген мыңжылдық мәдени қабат қайта тіріле бастады. Негізін әлмисақтан бастайтын қиссалар үйлену той үстінде насихатталып, жас жұбайларға Адам ата мен Хауа анадан қалған жолдың өнегесін көрсетіпті.

Той кезінде Адам ата мен Хауа ананың неке қиып, сөз байласатын аңызынан көрініс қойылған. Той иесі Ырысбек Дәбейге қиссаның сюжетін өлеңмен әдемілеп өріп беруге ұсыныс жасайды. Ақын сол бойда қиссаны өлеңге айналдырады. Оны кәсіби театр әншілеріне бергенде, олар қиссаны төгілдіріп, шырайын келтіріп сахналап береді.

Сол тойдағы салтанаттан бір кішкене үзінді ұсынамыз.Тыңдап бағасын өздеріңіз берерсіздер. Алдағы уақытта «Салт дәстүр сөйледі» кітабының қиссалары әр үйде, дастарқан басында ұстанатын болса онда бұрынғы тектілік, киелілік қайта оянады. Мынау соның алғашқы бастамаларының бірі деп ойлаймыз.

Мынау мәтін нұсқасы: 

Жігіт:
Жұмақта бір ғажайып таң атыпты,
(Адамға Жаратқанның жаны ашыпты).
Атамыздың қабырға етін сөгіп,
Ұлық Алла серігін жаратыпты.
Қыз:
Тосыннан жолығыпты екі ғашық,
Әйелдің кетсе керек десі басып.
Саусақтары дірілдеп Адам ата,
Серігінің көріпті бетін ашып.
Жігіт:
Сонымен той болыпты дүрілдеген,
Періште зікір айтып күбірлеген…
«Сол заманнан қалған» деп той мен думан,
Өмір сүрдік салт-сана, ырымменен.
Қыз:
Иә, оны салтымыз дәлелдеген,
Салтымнан салтанатты әлем көрем.
Анамыз Хауананың жолын қуып,
Мен де алдымен еріме сәлем берем.
(Осы жерде қыз тізесін иіп, жігітіне сәлем салады)
Жігіт пен қыз қол ұстасып алдыға баяу жүреді:
Осылай басталады қадамымыз,
Мұхаммед пайғамбардың жаранымыз.
Біздерге осы күнді нәсіп еткен,
Аллаға айтылады мадағымыз.
Тілейміз әрқашан да бас аманын,
Ғұмыр берсін баршаға Жасағаным.
Көп тілеуі қашанда қабыл болар,
Айтылсын бізге тілек, баталарың.
Ал, мынау «Үйлену тойы» қиссасының нұсқасы.

Пікір

  • керемет маган унаиды , Алла оиларына ушкырлык берсын.

    Раиымбек камидан 09.11.2015 18:27 Ответить
  • Керемет! Тамаша Гулнар бул бир керемет бастама деп ойлаймын…

    Молдир 12.11.2015 00:03 Ответить
  • ѳте әдемі естілген кұдаиым оларга бак берсин

    мерей 06.03.2016 11:29 Ответить
  • Ғажап екен.

    Ажар 10.11.2016 04:41 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню