Көзатаның бұлағы

ceb4d33acb20a667f0c1499c9fc5ddcbx380

Бағзы замандардың бірінде Қазығұрт тауын әрі әулие, әрі емші адам мекендепті. Ол емші болғанда, көз ауруын ғана жазады екен. Сондықтан зағип болғандардың барлығы осы емшінің дақпыртын естіп, дертінен айығу үшін арнайы іздеп келіп, емделіп жүріпті. Бірақ, бір ғажабы, шын ниетімен емделуге келген сырқаттардың барлығы дертінен айығып кеткен көрінеді. Жанары ашылып, жарық дүниені көрген пенделер емшіге шексіз алғыстарын жаудырыпты. Өмір бар жерде өлім бар демекші, күндердің күнінде дәм-тұзы таусылған емшіге ажал жетіп, көз жұмады. Жақсылығы жалпақ дүниеге жайылған әулиенің қонағасына шегі мен шеті жоқ дүйім жұрт жиналыпты. Ақ жуып арулап, Қазығұрттың баурайына әулиені жерлейді. Арада қырық күн өткенде әулие мазарының дәл жанынан жерді жарып, бұлақ ағып шығады. Бір ғажабы, осы бұлақтың суын ішіп, беті-қолын жуған адам көз ауруынан құлан-таза айығатын болыпты. Сөйтіп, халық бұл бастауды «Көзатаның бұлағы» деп атап кетеді. Содан бастап ол бұлақты және басқа да бастаулардың көзін ашып, тазалап тұруды әдетке айналдырған екен.

 

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню