Әлқисса болсын!

jVc3xGTwB2o
Қиссаның қайдан пайда болғанын біле отырыңыз.
Араб тілінде Алланың сүйікті құлдарының өмір жолы, тарихы, ғибратты істері баяндалатын оқиғалар «Қисса-сул әнбиа» деп аталыпты. Шығыстанушы ғалым, арабист М.Б.Пиотровский: «Аңыз бойынша Мұхамбет пайғамбардан сахабалары қисса айтып беруді сұрапты. Сонда пайғамбарымыз «Қисса Жүсіп» деген қиссаны баяндап берген деседі». Бұл қисса сахабаларға ұнағаны сонша олар тағы да айтып беруді сұрайды. Пайғамбар әр қисса айтқанда исламның ізгі өзегін, құнарын қиссамен өрнектеп отырған. Осылайша қисса айту дәстүрі пайғамбардан басталып, бізге жеткен дейді марқұм Алма Қыраубаева. Ғалымдар Құранның үштен екі бөлігі аңыз-қиссадан тұратынын айтады. Ислам діні Орта Азияға келгенде ғибратты уағыздар, қисса-хикаялар арқылы таралған. Себебі, түркі халықтары табиғатынан аңыз-әңгімеге, ертекке жақын, шешен болатын. Олар исламдық қиссаларды естігенде бірден сіңіріп алуға тырысады. Оны өздеріндегі аңызбен байланыстыра суреттеп, арабтық қиссаларды түркілік дәстүрмен синтездейді. Соның арқасында «қисса-сул әнбия» түркі халықтарының арасында тез таралып, ауыздан-ауызға таралады. Оның өте көп нұқсалары да осы түркі даласында пайда болған дейді шығыстанушы тағы бір ғалым С.Е.Малов.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню