Сауыт-сайманның алғаш жасалуы

185397

Дәуіт пайғамбар Құдайға:

– Иә, Алла, атса оқ өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін, сүңгі салса дарымайтын болаттай берік киімді қайдан тапсам болады? – деп сұрады. Ұлық Алла Жебірейілді жұмсады. Жебірейіл қара қоңызды алып келіп:

– Дәуіт, мына қоңызға қара. Оның денесі мықты сауытпен қапталған. Осы сауытының арқасында қара қоңыз қаншама қауіп пен қатерден аман қалады. Басындағы телпек жәндіктердің қауіпті инесінен қорғайды. Сен де  сол сияқты басыңа дулыға жаса, денеңе темірден сауыт соқ, – деді. Дәуіт қара қоңызға қарап, сауыт-сайман жасаған екен.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню