Ақман мен Қараманның хикаясы

images (1)

Қожа Ахмет Ясауидің есімі ел аузында жиі аталып, атағы тарала бастайды. Оның беделінің күн санап күшейіп бара жатқанын көрген Ақман, Қараман атты қараниет бектер оны қалайда құртуды ойлайды. Бірде екі бек ханның өгізін ұрлап сояды да, етті Ясауидің қорасына жасырады. Өздері ханға келіп, арыз қылады:

– Сіздің әулие деп жүрген адамыңыз ұры екен. Күндіз елді басына көшіріп «зікір» салады. Қараңғы болса жұрттың малын ұрлайды. Кешегі жоғалған көк өгізді де сол сойып алды. Сенбесеңіз үйін тексерейік. Жалған сопының тиісті жазасын берейік, – дейді.

Бектері қоймағасын, хан оларды ертіп Ясауи бабамыздың үйіне барыпты. Аттан түсер-түспестен Ақман мен Қараман қораға қарай жүгіріп, өздері жасырған өгіздің терісін тауып алады. «Ханға теріні мен көрсетемін, жоқ мен көрсетемін» деп өзара таласып-тармасып ханға жетеді. Хан абдырап қалады. Сол кезде Ясауи атамыз «Егер осы рас болса мені Құдай атсын, ал егер жапқандары жала болса, иә, Аллам, мына екеуіне тиісті жазаңды бер, Аллаһу акбар!» деп бетін сипайды. Сол заматта екі бек теріні тістелеп, ырылдасып жатқан екі итке айналады. Ақман ақ итке, Қараман қара итке айналыпты.

Мына сұмдықты көрген ел үркіп қаша жөнеледі. Хан екі итке қарап тұрып:

– Әулиені сөккенің Құдайды сөккенмен бірдей. Жала жабамын деп жаза таптыңдар. Обалдарың өздеріңе, – дейді.

Хан Ясауи бабамыздан кешірім сұрап, кері қайтыпты.

Пікір

  • Иа, бугунги куннин жастары аулие деген ким. Ол жай гана адам деп, биз сиякты кара беттерге тенеиди. Шындышында олар рухани дарежеси биик, Танирге жакын жандар екнин тусинбеди. Жаратушым оларды кеширсин.

    Аскар 22.10.2015 02:05 Ответить
  • Керемет. Тағыда осындай Яссауи атамыз жайында деректер молынан болса екен. Қуана-қуана оқыредік.

    Лаура 04.02.2016 00:20 Ответить
    • Аңыздары мүмкіндігінше жиі салуға тырысамыз. ЮНЕСКО биылғы жылды Ясауи жылы деп атады. Соған орай, Ясауи жайлы мұраларды молынан беруге тырасамыз. Бізден көз жазбаңыз.

      admin 06.02.2016 17:31 Ответить
  • Рахмет,админ. Яссауи бабам аруагы колдасын сиздерди. Журектин шолин кандырган бул сайт жумысын токтатпасын. Саттилик. Тек алга

    Адай 30.05.2017 12:14 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню