Құзғын мен Зағым

9a3a9a3cbf5224ab2c5dcb22b5c

Бірде Салық пайғамбардың анасы Зағым құзғынды көріп:

– Әй, құзғын, төбең неліктен ақ? – деп сұрады.

– Мен Қабылдың Әбілді өлтіруіне себеп болдым. Бірде қасымдағы қарғаны көре алмай, қызғаныштан мерт қылдым. Жан-жағыма қарасам Қабыл мені бақылап отыр екен. Артынша барып інісі Әбілді таспен ұрып өлтірді. Алғаш зұлымдыққа бастау болғаныма өкінгендіктен төбемдегі жүнім түсіп қалды. Сол себепті таз болдым, – деді.

– Тұмсығың неге сары?

– Бірде ұжмақта өсетін запыран шөбін жедім. Ібіліс жұмаққа жасырынып кіргенде, ол шөпке заһарын шашқан екен. Аңдамай жегендіктен тұмсығым сарғайып кетті.

– Бауырың неліктен қара?

– Бірде ақымақтықпен құстарға жеті тозақтың үстін бұйым көрмей ұшып өтемін деп мақтандым. Қанаттарымды қомдап, тозаққа жете бергенімде лаулаған оты бауырым тиді. Зәре құтым қалмады. Дарақылығымның кесірінен бауырым қарайып кетті.

– Неге ұшқанда жан-жағыңа жалтақтап қарай бересің?

– Нұх пайғамбар жұмсағанда жемтікке қызығып кемеге оралмадым. Пайғамбардың ренішіне, Алланың наласына қалдым. Содан бері Құдайдың бәлесі қай жағымнан келіп қалады екен деп, жан-жағыма жалтақтап жүремін, – депті.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню