Әзірет Сұлтанның қылуеті

072

Қожа Ахмет Ясауи бабамыз 63 жасқа келген соң, «Пайғамбар жасына келдім, енді қалған ғұмырымды құлшылықпен өткізейін» деп қылуетке түседі. Мұны естіген жұрт: «Өзін-өзі сонша тар жерде қамап, не көрінген?» — деп сынайды. Ұстазының өсек-аяңға қалғанына намыстанған Мансұр есімді бір шәкірті қылуетке барып, Ясауи бабамызға:

– Ұстаз, адам бойы әрең сиятын қылуетке кіріптар болып, өзіңізді неге  қинайсыз, кең дүние жетпеді ме? – дейді.

Сонда Ясауи бабамыз оны қылуетке кіргізеді. Мансұр қылуетке кіріп еді, тар бөлме шексіз кең, жарық әлемге айналып шыға келді. Шәкірт таң қалып:

– Ұстаз-ау, сіз отырған жер дүниеден кең ғой, – деп таң қалды.

– Құдайдың кереметінде шек бар ма? Көкірегі кең адамға көр іші де кең болар, пейілі тар кісі үшін кең сарай тар қапасқа айналар, – депті.

Пікір

  • Аллатаглам иманын саламат етсин иглигин берсин 7орынан озинн жанынын

    Нуржамал Тащанова 31.10.2015 10:30 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню