Іскер адамдар ұстанымы — 2

arabskay_odejda_b

Бірінші бөлімі

Енді қағаз жасап, кітап түптеу деген жаңалық кең тарай бастады. Әлбетте, алғаш рет қағазды Қытай елі ойлап тапты. Кейбір деректерді рас деп санасақ араб теңізшілері қағаз жасауды білетін бірнеше қытай шеберлерін ұстап алған. Олар бас бостандығын қағаз жасау өнерін үйретумен айрбастап алыпты.

Жаңалыққа жаны құмар мұсылман жұрты қытай қағазының мысыр папирустарынан әрі арзан, әрі қолайлы, әрі сапалы екендігін бірден айырады да оны жасауды ары қарай алып кетеді. Бір ғана Бағдат қаласында 800 жылықағаз жасайтын бірінші фабриканың іргетасы қатар қаланды. Сосын бұл өнер Сирияға ауысып, Солтүстік Африканы басып өтіп, Испания топырағынан бір-ақ шығады. ХІІ ғасырда Таяу Шығысқа зиярат етіп барған батыстықтар Францияға жаңалық ретінде бірнеше бума қағаз арқалап алып келеді.

Блог - SanjarKerimbay: Іскер адамдардың ұстанымы (2-бөлім)

Испания мен Сицилия мұсмылмандары арқылы қағаз жасау өнері Еуропаның басқа да елдеріне таралды. Соның өзінде қағаз жасайтын диірмен Италия мен Германияда бірінші рет ХІҮ ғасырда ғана салынды. Сол кезде еуропалықтар «әдемі өмір» деп атайтын қалалық тұрмыс Еуропаға өшпес мұралар қалдырды. Қала үлкейген сайын оның әкімшілік басқару тетіктері де күрделене беретіні белгілі. Мұсылмандар қаладағы құжынаған халықты сауатты жолмен басқарып, реттеп отыруды Араб түбегінен ала келді. Соның әсерінен күні бүгінге дейін Испанияның әкімшілік көп сөзі араб тілінен келіп шыққан. Үлкен базардағы сауда да тыныш жағдайда болу үшін стандартты өлшем бірліктерін ендірді.

Осыншама мәдени жаңалықтардың батыс жұртын жынды қылғаны сонша бүкіл христиан жастары жаппай жаңа мәдениетке жанталасып сіңе бастады. Кордованың Алвара есімді епископының жазған мынадай хаты сақталып қалған. «Менің қазіргі көптеген діндес бауырларым араб тілінде өлең оқып, араб ертегілерін айтқанды жақсы көретін болды. Мұсылман ойшылдары мен ғұламаларының еңбектерін тынбай оқып, араб тілін барынша таза әрі сауатты меңгеруге бар күшін салып жатыр. Қазір киелі кітаптарды латын тілінде оқып, елге түсіндіріп беретін адамды қайдан табасың? Олардың арасынан қане кім апостолдар мен пайғамбарлардан қалған інжілдерді тер төгіп үйреніп, оқып жатыр? Бәрі бекер! Барлық христиан жастары әсіресе өте дарынды, алғырлары араб тілі мен араб әдебиетін ғана білетін болды. Араб тілінде жазылған кітаптарды жанталысып ынты шынтысымен оқып үйренуде. Тіпті көбісі өз тілдерін ұмытып та қалды. Қазір мыңнан латынша хат жаза алтын бір адамды әрең табасың. Керісінше таза араб тілінде сауатты ойын жеткізіп сөйлейтіндер мен әдемі қылып өлең шығаруда арбтардан асып түсуде». Жастарын айтпағанда Еуропада бай бағыландар мен патшалардың өзі мұсылманша киініп жүргенді абырой көретін жағдайға жетті.

Блог - SanjarKerimbay: Іскер адамдардың ұстанымы (2-бөлім)

Осылайша Ислам діні тудырып отырған мұсылман менталитеті мен мәдениеті Испания мен Сицилия арқылы Еуропа жұртына дендеп ене берді. Батыс Еуропа негізінен Византияға арқа сүйеп, құбыласын сол жаққа қаратып отырса да Ислам өркениетінен көп нәр алды. Керісінше Крест жорықтары кезінде Еуропадан мұсылман әлеміне іліп алар титтей де өркениет белгісі ауыспады. Мойындайтын шындық мынау — бүкіл Еуропаның талғам мәдениетін мұсылмандар қалыптастырып берді.

Бұдан бөлек жаңа діннің жаршылары антикалық дәуірде «шала жансар» қалып қойған грек ғылымын қайта тірілтті. Олар ежелгі үндіде пайда болған цифрларды әлемдік ғылыми айналымға ендірді. Шынын айту керек бұл цифрларды арабтар өздері үнді таңбасы еді деп айтқанымен де оның үнді елінен шыққандығын дәлелдейтін бір де бір дерек жоқ. Қарапайым тұрмыста қолданылатын арифметиканы да жалпы жұртқа жеңіл қылып үйреткен осылар. Есеп –қисап ғылымын дамыта келе алгербра, геометрия ғылымдарын шарықтатты. Астраномия ғылымының да өркендеуі тек араб ғалымдарының арқасы болатын.
Блог - SanjarKerimbay: Іскер адамдардың ұстанымы (2-бөлім)

Мұсылман медицинасының өркендеуі Ирак топырағында басталды деп айтады. Бұл ғылымның басында атақты Авиецена тұрды. Дәрігерлік өнерге бейімі бар көптеген дарынды жастар тұс тұстан ағылып келіп ауруханаларда арнайы жатып білім алатын. Сауатты медициналық қызмет көрсететін аурухананың дәл 800 жылы Бағдатта соғылғаны туралы нақты деректе жазылған. Оны ашқан христиан дәрігері Жебірейіл ибн Бахтишу есімді Гундишапур азаматы. Бірақ оны арнайы шақыртып, аурухана аштырған халиф Харун әр-Рашид болатын. Осыдан бастап Бағдатта көпшілікке арналған ауруханалр көптеп ашыла бастапты. Сауда жасап байыған мұсылман байлары артық ақшасына аурухана салуды әдетке айналдырса керек.

Х ғасырда түрмелер мен алыс ауылдардағы ел-жұрттың денсаулығын тексеріп, ауруларын арнайы барып емдейтін дәрігерлер пайда болады. Олардың көшпенді ауруханалары көбіне Ирактың оңтүстік өңірлерін көп жағалайтын. Десе де ең үлкен аурухана 1284 жылы Каир қаласында салынады. Деректегі жазылғандар рас болса бұл ауруханада 8 мың адамға орын бөлінген. Оның үстіне құрал жабдықтары да керемет жетілген еді. Әйелдер мен ерлер палатасы бөлек салынып, аурулар сырқаттарына қарай сане түрлі бөлімдерге бөлінді. Хирург, терапевьтер тобын айтпағанда аурухана жанында дәрі жазатын фармакологтар, ұйымдастырушы әкімшілік кеңсесі, мешіт, қойма, кітапхана жұмыс жасап тұрды. Аз ғана уақыт ішінде мұсылман ғалымдарының Гален мен Гиппократтың еңбектерін терең меңгеріп алғаны сонша аз уақаттың ішінде христиан тәуіптерін басып озып артқа тастады.

Блог - SanjarKerimbay: Іскер адамдардың ұстанымы (2-бөлім)

Осы арда салыстыра кету үшін мына қызық деректі келтіреміз. Крест жорықтары кезінде еуропа жұртында медицинаның қандай деңгейде болғанын мына құжаттан анық көреміз. Мұсылмандар отырған қаланың әміріне көрші тұратын франк танысы дәрігер жіберші деп өтініш қылады. Әмір христиан досының сөзін жерге тастамай бір тәуібін жібереді. Барған дәрігер біраз уақыттан соң жағасын ұстап, есеңгіреп келді десе де болады. Оны ұрыста жарақат алған рыцар мен кесел болған бір әйелді емдеп беруге шақырған екен. Рыцардың аяғы қалталанып іріңдеп кетіпті. Араб емшісі оның аяғын емес басын бумен қыздырады. Аяқтағы ірің жарылып, жараның орны кеуіп жазыла бастайды. Ал әйелдің нақты немен аурағыны деректе түсініксіз жазылған. Бірақ емші оған аурудан жазылу үшін тек қана жеміс-жидек пен көк-өніс жейтін диета жазып береді. Бірақ осы кезде шатырға франктердің де дәрігері келіп кіреді. Ол келді де жаралы рыцардан «Бұл дүниеде бір аяқпен жүргенді дұрыс көресің бе әлде, екі аяқпен ана дүниеге аттанғанды (пейішті меңзеген болса керек) абырой санайсың ба?» деп сұрайды. Рыцар өлімнен қорықпайтын сыңай танытқысы келді ме кім білсін екі аяқпен «кете» беруді дұрыс санайды. Сосын рыцардың аяғын ағашқа қойды да, үлкен бір қара күштің егесіне өткір балта беріп, «аяғын шап» деп әмір берді. Бірінші соққы аяққа дәл тимеді. Екінші рет қайта шапты. Бұл жолы да балта дұрыс тимей сүйектерін мылжалап тастады. Рыцар ауыр азапқа шыдай алмай шыңғырып, қиналып жатып, ақыры демі үзілді.

Блог - SanjarKerimbay: Іскер адамдардың ұстанымы (2-бөлім)

Әйел пақырдың хәлі одан да мүшкіл болды деп жазады деректе. Франк тәуібі «бұның ішіне жын кіріп кетті сондықтан оның шашын тықырлап алып тастау керек» деді. Солай жасады да. Содан соң оны диетадан шығарып «баяғы ас-ауқатыңды жей бер» деді. Оның кеселі бұдан соң қайта құтырды. Франк тәуібі «жын оның басына қарай ауысып кетті» деді. Сосын әйелдің құйқасына крест секілді белгіні тіліп салды да ішіне тұз түйіршіктерін тықты. Жан төзгісіз мына азапқа шыдай алмаған байғұс әйел сол заматта жан тапсырды. Мына сұмдықты көріп тұрған мұсылман дәрігері «мен әлі де керекпін бе?» деп сұрады. Олар «жоқ» деп жауап берді. Мұсылман емшісі құрал саймандарын алып, қайтып кетті.

Санжар Керімбай

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню