Бесік жыры (Codex cumanicus)

rP3Z6R_BP0o

Қазір психиатрлар «жасөспірімдердің 20-25 пайызы қатыгездікке бейім» дейді. Олар құрбыларымен тонның ішкі бауындай араласып кете алмайды. Есейе келе, зорлыққа, ішімдік пен есірткі заттарға әуес болады. Осыған қарап, америкалық психолог Э.Бэрн «бесік жырын тыңдамау – агрессияның бастауы» деп ой түйген. Шығыс халқында қатігез адам туралы «мынау бесік жырын тыңдамаған адам екен» деген түсінік бар.

Бұл жайында американдық биологтар L.Dj. Milk пен M.Milk мынадай тәжірибе жасаған. Олар бесік жырын тыңдау кезінде бөбектің жүрек қағысын тексерді. Қараса, олардың жүрегі қалыпты, яғни бір минутта 68-72 рет соққан. Әрі бала бойынан эндорфиндер, яки қуаныш гормондары бөлінетіні байқалды. Ал заманауи музыкадан сәбидің жүрегі шамадан тыс қатты соққан. Ұйқысы бұзылып, өзін қорғансыз сезінген. Тіпті, романтикалық әуендерді тыңдату да орынсыз. Ол бөбектің сезім мүшелеріне қатты әсер етіп, шектен тыс дамытып жіберген. Есейгенде махаббатқа тұрақсыз, сезімге жеңілтек келуі осының әсерінен.

Келіншектер бесік жырын айтуды аяғы ауыр кезінен-ақ әдетке айналдырса, ағзадағы токсикоз төмендейді, жүктілік мерзімі айтарлықтай жеңіл өтеді. Мұндай сәттерде сәбиге қажетті оттегі көбейіп, оның жүрегі қалыпты соғады. Анасының әлдиі оның эмоционалды көңіл-күйін реттеп, жүйке жүйесінің төзімділігін шыңдайды. Ресей медицина академиясының ғалымдары «әлди жыры тұмса ананың (жас босанған) ағзасына да жақсы әсер етеді» дейді.

Сіздерге ұсынып отырған бесік жырын 2006 жылы «Codex cumanikus» тобы орындаған.

Пікір

  • Мына тамаша бесік жырын қалай көшіріп алса болады?

    aizat-0817@mail.ru 21.05.2015 18:15 Ответить
  • керемет

    Канат 21.05.2015 19:17 Ответить
  • керемет.калай тартып алуга болады?

    молдир 08.10.2015 12:46 Ответить
  • Құрмаш Мақан ба айтқан?

    Бесік жыры 08.10.2015 13:23 Ответить
  • Тамаша! әйел адамға да орындатса ғой

    Жанар 08.10.2015 22:53 Ответить
  • мынадан бала шошиды ғой және қай атаңнан көріп ең бесік жырын еркек айтқанын? Куасыңдар! Қазақты әбден бүлдіріп болдыңдар ау!

    Есбол 09.10.2015 21:59 Ответить
  • Жақсы орындаған. Бірақ бесікті тербетіп отырып, бесік жырын тек əйел айтқан. Сосын біз айтатын бесік жырының əуені де бөлек қой.

    Эльзира 02.04.2016 12:33 Ответить
  • Не деген керемет əуен шіркін!!! Өзің бөпе болып кеткің келеді екен тыңдасаң.

    Нұр 02.04.2016 14:21 Ответить
  • Унаган жок, назик емес, бала ан ауенинде тербетилмейди

    Аяулым 22.11.2016 03:36 Ответить
  • Үнаған жоқ.

    Талғат 03.02.2017 23:29 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню