Оқушысына өмір сыйлаған

donor3

Бұл өткен жылы болған оқиға. Лондонның бір мектебінде Әлия есімді қыз біраз уақытқа дейін сабаққа келмей жүреді. Мұғалімі оқушысының жайын білу үшін үйіне барғанда, Әлияның ауырып, өлім аузында жатқанын естиді. Қыз гидроцефалии дертінен, яғни бүйрек аурының әсерінен қиналып жатыр екен. Дәрігерлер оған шұғыл бүйрек ауыстыру қажеттігін айтады. Бірақ, қыздың отбасы кедей тұрады екен. Донар іздеуге де, бүйрек сатып алуға қаржысы болмапты. Мұғалім оқушысының жағдайын естіген соң, бірден бүйрегін беруге келісіпті.
Рей Коу мұғалім:
— Мен бір бүйректі алдырудың не екенін жақсы білетінмін. Донар болу үшін әуелі мұқият тексерістен өтеу керек. Мен бұл қадамға өз еркіммен бардым. Әлия бұл жайында естігенде қуанғаннан екі беті нұрланып кетті. Оның сол кезде шаттанған сәті есіме түссе көзіме жас келеді, — дейді.
Донордың бүйрегін анализден өткізу мерзімі біраз уақытқа созылғанмен ақырында оның нәтижесі ғажап боп шықты. Ешқандай туыстығы жоқ, бір-біріне бөтен жандардың органдары бір-біріне толық сәйкес келген. Бөтен организмді жатсынбай бірден бауыр басып кететін трансплантациялар өте сирек кездеседі. Әдетте, 100 000 операцияның біреуі ғана осылай 100 пайыз дәл келеді. Құдай сәтін салып, операция өткен ақпан айында, Лондондағы Great Ormond Street ауруханасында жасалған. Қазір қыз да, мұғалім де аман екен. Көңіл-күйлері де жақсы.
Қыздың әкесі Ахмед Әли жанкешті мұғалімге риза болғаны сонша:
— Біздің мұсылманда жанкешті, жанқияр деген ұғым бар. Біреу үшін өз өмірін қию. Бірақ, қазіргі кезде жанкештілікті дұрыс түсінбей, Құдай үшін жан берушілер көбейіп кетті. Мен оларды жанкешті деп те, жанқияр деп те санамаймын. Жанкешті адам айналасына өлім сыйламай, өмір сыйлау керек қой. Коу ұстаз менің қызыма өмір сыйлады. Ол біздің заманның қаһарманы. Біз оған қарыздармыз, — деді. Мектеп директоры Уэнди Бауер ханым:
— Біздің Коу әріптесіміз ерлік жасады. Ол өзгенің өмірі үшін өзін де аямайтынын ісімен көрсетті. Ол өмірде де өте қарапайым адам. Мектеп ұжымы оның ерлігіне таңғалып риза болып жатыр. Ол осы ерлігімен Әлияның өзіне де ата-анасыны да бақыт сыйлады, — деді. Коу ұстаз:
— Оқушымның ата-анасының қуанышында шек жоқ. Бұл менің де жаныма қуат береді. Енді мен де сол үйдің бір мүшесіне айналдым, — деді.
Бұл жаңдай Лондон жұрты расымен таңқалды. Әлияның тегіне, дініне (ол мұсылман болатын), ұлтына, әлеуметтік жағдайына қарамай, тіпті тегін бүйрек беруі оқыс оқиға болды. Операциядан кейін 2 аптадан соң Әлия да, Коу мұғалім де сабаққа қосылыпты.

Пікір

  • Адами касиеттин биiк улгiсi

    Нургуль 13.05.2015 21:30 Ответить
  • Осындай адамдар көбейе берсін. Жаны жаннатта болғай.

    Нуркен 20.05.2015 18:37 Ответить
  • керемет кой нау

    Нурай 24.01.2018 20:11 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню