Үндістандық альтруист

photo-krishnan-lookingahead

Суреттегі адамның есімі — Нараянан Кришнан. Жасы — 35 -те. Ол 13 жыл бойы үй-күйсіз жүрген 1,5 млн. үндістандықты тамақтандырып келеді. Өзі бай да емес, орташа жалақы алады. Кәсібі — аспаз. Ең алғаш, 2002 жылы «Taj» деген бес жұлдызды қонақүйде аспазшы кезінде, көшеде қарны қатты ашып отырған қарт адамды көреді. Оған аяушылығы оянып, қонақүйдің асханасында қалған қалдық астарды әкеліп береді.

«Қарттың тамақ жеп отырған сәті еріксіз елжіретіп жіберді. Бұдан былай, асханада қалдық астарды қоқысқа тастамай, осыларға әкеліп берейін деп шештім. Қалдық астың да, біреудің қарнын тойдыратынын түсіндім» дейді Кришнэн.

Кейін ол, қайырымдылық қорын ашады. Қазір Мадурай қаласындағы 500-ден аса жағдайы төмен отбасыларды азықпен асырап келеді. Мүмкіндігі жоқ адамды өзі тамақтандырады. Өмірде осындай альтруист адамдардың барын біле жүріңіз.

Пікір

  • Өзімді көргендей болдым ғой! Молодец екен!

    Амангелді 08.05.2015 14:54 Ответить
  • круто осындай адам кобейсн

    Нурай 24.01.2018 20:15 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню