Сауап кімде? (Л.Толстой)

zvezdy_mudrogo_birunii_024

Сағдидің бала кезі болса керек. Бір күні ол әкесінің қасында отырып, түнімен ұйықтамай Құран оқып отырады. Түннің бір уағында ұйқы қинап, бір мезгіл сыртқа шығып сергімек болады. Қараса көршілері тегіс ұйқы құшағында екен. Ол үйге кірген соң:
— Осы жұрт бәрі өлген адамдай ұйықтап жатыр. Құлшылық жоқ. Құдайды ұмытқан. Кішкене уақытын бөліп біз сияқты Құран оқыса болмай ма? Мына көршілерді қарашы жатқанын. Сауаппен шаруасы жоқ, — деп өзінен-өзі күйіп-пісе бастайды. Оны көріп әкесі:
— Балам-ау, сауаптың бәрі сол көршілерде ғой. Олар біздің сыртымыздан сөз айтып жатқан жоқ. Тыныш ұйықтап жатыр. Егер сен өзіңді бүйтіп қинағанша, тыныш ұйықтағаныңда бұдан да зор сауапқа батар едің, — депті.
Кейін Сағди қартайған шағында: «әкемнің сол бір ауыз сөзі менің рухани дамуыма қатты әсер етті» депті.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню