Ұлттың генофонды ооцидке тәуелді

images

Менің Талғар жақта тұратын туысым бар. Өзі шылқыған бай. Негізгі бизнесі – Еуропа елдерінен асыл тұқымды жылқы алып кеп сату. Қала берді асыл тұқымды иттер де асырайды. Балақ жүні мен кекілі келіскен кербез кептерлері де баршылық. Торларды толтырып тастаған. Үйіне бара қалсаң, тек сол туралы айтады. Оның айтысынша Еуропадағы бизнес партнерлары жылқыны адамнан бетер бақылайды. Әр бір құлын туыла салысымен оған арнайы файл ашылады. Жылқының шежіресі түгел жазылады. Құлынның атасы кім, әкесі кім, шешесі кім, әжесі кім, түгел тіркеледі. Биелердің байқаусызда көрінген айғырмен «көңіл қосып» қоюуы мүмкін емес. Дені сау, жұтынып тұрған құлынды туғызу үшін арнайы мамандар Керқұла атты Кендебай сияқты биелерді түні бойы ұйықтамай бақылап отырауға дайын. Жылқы тұқымы асылданған үстіне асылдана береді. Жылқының шежіресі неғұрлым терең болса, құлыны да соншалықты зерең болады деген түсінікпен қымбат бағаға сатады.
Оның иттері де солай. Қаншығын бет алды қаңғытып қоймайды. Не болса соны жегізбейді. Қымбат сапалы етті иті жейді. Есесіне күшіктері шетінен арлан шығады. Бір жасар күшігінің өзі бұзаудай ғой жарықтықтың.
Ал, жабайы кептерлермен шағылысқан көгершіндерінің жұмыртқасын шағып тастайды. «Неге өйттің» десең. «Тұқымды құртады. Бар бәлені осы ұрғашылары жұқтырып әкеледі» деп сақтанып отырады. Қарап отырып қызығасың. Дегенмен, осы фактілер мені басқа да ойларға жетелейді. Бұ дүниеде адамның тұқымы неғұрлым асыл, неғұрлым шежіресі терең болса қоғам соғұрлым нұрлы болмай ма, деп ойлаймын ғой, баяғы. Жалпы, өзіміздің сапамызды тура солай арттыра аламыз ба? Ол мүмкін нәрсе ме өзі?
41ad13f3b7fdМен бала кезімде тойға барғанда микрафон алып тост көтерген барлық қонақ мынадай мақалдарды жиі айтушы еді. «Үйдің жақсы болмағы ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашысынан», «Алып анадан туады», «Қызға қырық үйден тыю, қалса күңнен және бір тыю». Ол кезде бұ сөздердің мағынасын ұқпаушы едім. «Неге тек қана нағашысына тартып мықты болу керек?» деп ойлаушы едім. Есейген соң оны да оқып тоқып ақыры білдік.
Ер мен әйел қосылған соң ананың жатырда бір клеткалы эмбрион пайда болады. Ең басында ядродағы хромосома саны екі тараптан тең түседі. 23 хромосома әкеден, 23 хромосома анадан. «Генетикалық ақпаратты ана жатырына алып келген сперматазойд пен іштегі ооцит деп аталатын аналық клетка тең дәрежеде тұрғанда неліктен болашақ ұрпақтың жақсы болуы негізінен әйелдікіне тәуелді?» деген сұрақ туады. Себебі, дейді генетик ғалымдар, қыз бала бүкіл өмірінде бала тууға себеп болатын аналық ұрығымен (яғни ооциттермен) бірге туылады. Қыз баласы шақалақ кезінде қанша ооцитпен дүниеге келсе, өмірінің соңына шейін сонша аналық клеткамен өмірін сүреді. Аналық клетка ер адамның ұрығы сияқты ұдайы ауысып, жаңарып тұрмайды. Саны да ешқашан көбеймейді. Қыз бала өскен сайын оның бұрынғы ооциттері пісіп жетіліп, дамып қана отырады. Қыз бала бой жеткен соң ай сайын бір ғана ооцит шығын қылады. Мұны хайыз кезеңі деп атайды. Ер адамда керісінше, сперматазойдтар күн сайын, апта сайын жаңарып, көбейе береді. Ер баланың ұрығы миллиондап шығын болса да, тез арада толысып, қалпына қайта келеді. (Ер бала ұйықтап жатып поллюция болады) Ұл бала зиянды әдетке бой алдырып, ішіп, шегуге үйір болса сөз жоқ, оның ұрығының сапасы нашарлайды. Маскүнем, насыбайшы, нашақордан зерек бала туылуы неғайбыл. Еркектер емделіп, тақуалық ұстанып, зиянды заттардан тыйылса, ұрығының сапасы қайтадан қалпына келеді. Қыз балаға табиғат мұндай мүмкіндік бермепті. Қыз бала албырттықпен зиянды әдетке бой алдырып, ішіп, шеге бастаса ооциттегі генетикалық кодтар зақымданады. Бұндай бойжеткен өсе келе өкініп, салауатты жолға бет бұрса да, қанындағы бүлінген аналық клеткалары ұл баланікі сияқты басқасымен жаңаланбайды. image_368189408094730338540676903980027935Яғни, генетикалық кодтары зақымданған, нашар хромосомалар сол күйі тұра береді. Бұл — мәселенің бір қыры ғана. Екіншіден, әдетте ерлі-зайыптылар қосылғанда, әкенің белінен 300 миллионға жуық сперматазойд «бала жасау» жарысына аттанады. Олардың ең жүйрік, ең алғыр, ең қуатты, ең пысық, ең асыл дегені мәреге бұрын жетуі шарт. Жатырда жалғыз жатқан ооцитке «ең қуатты», «ең күшті», «ең зерек» деген сперматазойд келіп кіргенімен қуануға әлі ерте. Себебі, аналық клетка жалғыз. Таңдау мүмкіндігі мүлде жоқ! Бірінші боп келіп жеткен ер адамның мықты ұрығы сол жердегі жалғыз ооцитпен «отау» құруға мәжбүр. Ол жерде сперматазойдтар: «Маған мына клетка ұнайды» деп, көп ішінен артықша жаралған күштісін таңдай алмайды. Ер азаматтың ұрығы қанша жерден қасиетті болса да, сапасы нашарлаған ооцитпен қосылғанда болашақ бөпені кемел дәрежеге көтере алмайды. Қалай болғанда да нәрестенің зиялы, зерек болуы ең бірінші аналық клетканың сапасына тәуелді. Қыз баланың қанында ағып жүрген санаулы ғана ооциттерді барынша күтіп, баптап, олардың сапасын арттыру арқылы ғана ақылды адамдарды көбейтуге жол ашылады. Тоқсан ауыз сөдің тобықтай түйіні – қыздарын бағып-қақпаған ел, ешқашан салауатты қоғам құра алмайды екен ғой.

Санжар Керімбай

Пікір

  • Ммм дұрыс қыздарға біле жүретін екен. Малмен итті асылдандырып жатқанда адамға не жорық.

    Гульзабира Сапарова 21.04.2015 17:09 Ответить
  • Отырыста айтатын әңгіме екен.

    Амангелді 22.04.2015 15:51 Ответить
  • Биологияда бұл жайында мәлімет берілен. Дегенмен,ғылыми тілдің аты — ғылыми тіл ғой.

    Нұргүл 22.04.2015 22:37 Ответить

Добавить комментарий для Нұргүл Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню