Жетігеннің тарихы

Jetigen

Баяғыда Жетіген деген қарияның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елге зобалаң келіп, ұлдары өмірден өтеді. Көп жылап, жанары суалған қария ағашты ойып, аспап жасайды. Оған әр баласы өлген сайын жылқы қылынан ішек тағып отырады.
Тұңғышы Қания қайтыс болғанда, бір ішекпен «Қарағым» күйін шертеді. Екінші ұлы Төреалымның өліміне екі ішекпен – «Қанат сынар» күйін шығарады. Үшіншісі Жайкелді өлгенде – «Құмарым» күйін үш ішекпен тартады. Төртінші ұлы Бекенге төрт ішекпен – «От сөнер» деген жоқтау шығарады. Бесіншісі Хауастың қайғысына – «Бақыт көшті» деген күй арнайды. Алтыншысы Жұлзарға ажал жеткенде – «Күн тұтылды» деген күй туады. Кенжесі Қияс қайтқанда, қарт жетінші ішекті тағып, жетінші күйін шертеді.
Қарттың жеті ұлын жоқтап жасаған аспабын ел «Жетіген» деп атапты. Ал оның ұлдарына арнап шығарған күйлері «Жетігеннің жетеуі» деген атпен ел арасына тарапты.

Пікір

  • Жетіген сияқты басқа аспаб ойлап табуға болама?

    Тоғжан 25.01.2018 20:24 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню