Қауын-қарбыздың пайда болуы

29975d

Хауа ана мың жылдай өмір сүріп, ақтық сапарға аттанар сәті тақапты. Бала-шағасын шақырып, бақұлдасады. Ұрпағы қимай:
– Анашым, «іңгәлап» дүниеге келгенде, ақ сүтіңді еміп жұбанып едік. Уызыңнан нәр алып, махаббатыңа бөлендік. Құдайдың мейірімін сол арқылы ұқтық. Бір омырауыңның сүті сусын болса, бір омырауыңның сүті тамақ болды. Ақ сүтіңнен асқан дәмді ас жоқ еді. Енді бақилық болып барасыз. Бізге ақ сүтіңді ұмытпайтын бір мұра қалдыр, – деп өтінеді.
Сонда Хауа ана екі омырауының ұшын басқанда, екі дән ытқып шыққан екен. Мұны балалары алып, жерге егеді. Одан қауын мен қарбыз пайда болыпты. Піскенде балалары оны жарып жеп көріп еді, бақилық болған аналарының сүтінің дәмін сезді. Қарбыз шөлдерін қандырса, қауын қарындарын тойғызыпты.
Қауын мен қарбызды қазақ сол себепті Хауа ананың мирасы деп атайды. Ал, олардың берекелі болуы әрі қарынды тойдырып, шөлді қандыруы Хауа анамыз берген қасиеттен екен.

Пікір

  • Бул деректерди кандай китаптардан келтирип жатсыздар. Рахмет

    Нурболат 25.04.2015 10:50 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню