Жеті шелпектің шарапаты

402319

Баяғыда бір жолаушы келе жатып, сандық тауып алады. Ашып қараса, алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, алтын тас үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді.
– Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» – деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім құтқаратын болса, соны жұтамын» – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып жалынса да, жылан көнбейді. Кенет оның көзі отыз жолаушыны шалады.
Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып:
– Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп кетіп қалады.
Жылан жақындай түседі. Бейбақ:
– Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде, тағы да бес кісінің сұлбасы көрінеді.
Жолаушы құтқар деп жалынады.
– Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп, олар да кетіп қалады.
Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір аласа бойлы адам келе қалады.
– Ей, жылан, мына бейбақтың не жазығы бар? – деп сұрайды. Жылан мән-жайды баяндап:
– Отыздан қайыр, бес жаннан пайда болмағанда, сен не істей аласың? Жолыңнан қалма, – дейді. Аласа адам:
– Ей, жылан, жазықсыз жанға жала жаппа. Өтірігіңе сенбеймін. Айтқаның рас болса, мына денеңмен кішкене сандыққа қалай сыйдың? Көз көрмей, көңіл сенбейді, – дейді. Жылан бұлқан-талқан ашуланып:
– Сандықтан қалай шықсам, солай сыйып та кетемін, – дейді де, түтінге айналып, жоғары көтеріліп, сандыққа кіріп кетеді. Аласа адам сандықты тарс жауып:
– Жыланнан құтылдың. Енді жолыңнан қалма, – дейді. Жолаушы қуанып:
– Айлаңды асырдың, батыр. Қарыздармын. Жөніңді айт, кімсің? – дейді.
– Бұл жылан – орынсыз айтқан өз сөзің. Он пәленің тоғызы – тілден. Орынсыз сөз иесін қабады. Ақылды адам тілін буады. Отыз кісі ұстамаған оразаң, бес кісі қаза қылған бес уақыт намазың. Құлшылыққа салғырт қарадың. Олардан қайран болмады. Бірақ сен жұма сайын жеті шелпек пісіріп, кедей-кепшіктерге садақа бердің. Мен – өзің пісіріп таратқан шелпекпін. Сені құтқаруға Құдай жіберді, – депті.

Пікір

  • Ғажап әңгімелер.

    Еркін Шүкіман 22.04.2015 16:36 Ответить
  • Ғибрат алар дүние

    Салтанат Махатова 22.04.2015 23:21 Ответить
  • Керемет өте қызық!

    Тимур 23.05.2015 21:53 Ответить
    • Сиз дурыс тусинбединиз жазылганды. Магынасы ана жолаушы сол бес уакыт намазы мен ораща устамаган екен

      Ержан 29.05.2015 01:58 Ответить
    • Ораза дегенимгой

      Ержан 29.05.2015 01:59 Ответить
  • Осындай отирик ангимелерди кашан коямыз? Сонда автор не айткысып келип тур? Ислам ен улкен парызы намазды жане одан кейнги орындагы парыз оразаны, орындамай ак кайдагы бир динде жок типти исламга 10 кайнаса сорпасы косылмайтын 7 санды шелпек таратса болды демекши…. Агайындар ойланайык дин ойыншык емес.

    мусылман 28.05.2015 21:30 Ответить
    • Мұсылман бауырым сөздің мəнісін ұғыну керек
      Пікір айтсаң дұрыс атыңды жазбадың ба?

      куаныш 01.06.2015 11:43 Ответить
  • Әңгіме өте қызық жазылған. Оны оқығанда түйінін түсіне білу керек. Ойлануға түйіткісі бар. Бұл жерде сабақ та бар. Түсінігі мол адам оқығанда әңгімеге көз жүгірте салмай, мағынасын түсіне және талдай алып оқитын болар.

    Ләззәт 14.03.2016 11:19 Ответить
  • Болған оқиға өте дұрыс жазылған, мұсылман бауырлар бес уақыт намаз оқып оразамызды ұстайық жəне жеті күлшемізді таратайық бишнбі сайын

    Есбол 16.03.2016 11:18 Ответить
  • Ия жети шелпек писирмейтин уйде юар гой сатып ап журе беред

    Алия 16.03.2016 14:12 Ответить
  • Бала кезимде корши апа болды баласы Кытайда калып койыпты бери кошкенде сол апа катты ауырып жатп артымнан жети шелпек писиретн баламда жок конырсытып деп жылап ед Али есимнен кетпейд

    Алия 16.03.2016 14:14 Ответить
  • Оте дурыс жазылган, мәні бар әңгіме, жеті шелпек тарату бұрыннан бар дуние,түсініп оку керек!

    Зоя 16.03.2016 15:06 Ответить
  • Соны жагынын магынасы озгерип кеткен. Отыз кун оразан, бес уакыт намазын комектесе алмайды егер сенин журегин таза болмаса дегенге саяды ангиме. Мысалы адамдар баргой ораза устасада жамандык жасап журе беретин. Намаз окысада аузынан ак ит кирип кок ит шыгып журетин.

    ара 17.03.2016 15:48 Ответить
  • бауырым, далели жок мусылманнын созине конил аударып кайтесин… орыстар айтпакшы, БРЕД СИВОЙ КОБЫЛЫ …

    Кайрат 18.03.2016 11:17 Ответить
  • Өте тамаша жазылған!!!

    Дана 18.03.2016 15:52 Ответить
  • Мен тусинип окыдым тусинип окымагандар меним ойымша надан деп ойлаймын

    Мереке 20.03.2016 10:25 Ответить
    • бир жигит дурыс жазган бурмалаушылар коп эр ким эр калай тусиник берип жатыр дурысы куранга жугину к.ерек бпс парызды орында тузу жолмен жур алл эр пэлесиннн сактайды

      Бэкен 01.04.2016 08:48 Ответить
  • Жаксы соз екен

    Сания 20.03.2016 22:03 Ответить
  • Бұл қиссаны бұрынан білемін, бала кезімде ата-əжеммен отырып тыңдайтынбыз, ол кісілер көзіне жас алатын.

    Бахберген 21.03.2016 09:14 Ответить
  • Ұлы Отан соғысында көрші бір атамыз немістерге пленге түседі,содан соғыс біткенше хабар ошар жоқ.Үйіне Қара қағаз келеді,жоқ болып хабарсыз кетті -деп!Əйелі əр бейсенбі жұма сайын иіс шығарып 7 шелпек пісіріп таратып отырыпты хабарсыз кетсе өлгеніғой деп.Кейін соғыс аяқталып бірнеше жылдан соң сол атамыз елге аман -есен оралады!Сонда айтқан екен əр бейсенбі жұма сайын мұрны майдың иісі келеді адамдар кұнде қырылып жатқан кезде .Ойпырмай кəдімгідей тойып қалам кəдімгідей иіске -деп айтып отыратын еді! жарықтық!
    Ол да болса бір Алланың құдіреті шығар.

    Асан 31.03.2016 19:41 Ответить
  • Бул дурыс жазылган. Магынасын тусинбей турсыздар. Мунда ораза мен намазынды устамай, окымаганнан саган комек болмады деп тур. Бирак ар жума сайын 7 шелпек истегеннин пайдасы болып тур. Керемет жазылган.

    Айгул 08.04.2016 12:18 Ответить
  • Ниеті жаман адамдар осылай болды ата.анасынан ештеме көрмеген.имандылық отбасынан.басталады.біз.ата.əжеміздің.асыл.сөздерімен.істеген.іс.əрекетін.оқыған намазын.жеті.сайын.пісіріп үлестірген шелпегімен.көріп.өсті.көрегенді.осыны.ештеме.көрегенді.қазағы.айтады.екен.көргенсіз.деп.ниеттерің жақсы.болсын Алланың берерікөшілік.инманы.түзу.адамдарға.көп.болсын

    САРАШ Өмірбек 17.03.2017 12:03 Ответить
  • Бугін жұма күні. Апам шелпек пысырады əр жұма сайн. Шын сөзім біздің жолымыз болады».

    Айко 24.11.2017 15:30 Ответить
  • Ол киси ойдан шыгармайды ешнарсени тусинип билу керек
    Сен сиякты тупойлар осындай керемет киссаларды бузып арамдатады.
    Дин жайлы керемет билсен булай демеуши един

    Бауыржан 30.05.2018 22:00 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню