Ескендір Зұлқарнайын қиссасы

hqdefault

Ескендірдің ең көп таралған қиссасы «алтын мүйізі» жайлы аңыз шығар. Бала кезде жиі естуші едік. Мына бір ортағасырлық суретте сол айбынды жиһанкезді бейнелепті.
Әлемді жаулаған төрт патша болса, соның бірі — Ескендір екен.
Ескендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне:
– Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер. Мен көптің бірі емеспін. Жарты әлемді билеген сүйегі асыл, қаны қасиетті патшамын. Менің қияметте танымайтын бөтендермен қатар тұруым жараспас. Мақшар алаңына жиналуға Алладан әмір болғанда бір өзім бір мекеннен жалғыз тұрып Алланың алдына дараланып барғым келеді.
Дүниеден өткен соң, уәзірлері, туыстары қырық күн ақылдасып, бұрын-соңды адам ұрпағы жерленбеген жер іздепті. Кеңесе келе олар Ескендір патшаны биік таудың ұшар басына апарып жерлейді. Нөкерлері патшамызды кісі баласы көмілмеген тың жерге жерледік деп қайтыпты.
Күндердің күні анасы ұлын сағынып, моласына барыпты. Оның рухымен тілдеспек болып:
– Ескендір! – деп дауыстайды. Ешкім үн қатпайды. Екінші мәрте:
– Ескендір, ұлым! – деп тағы бір дыбыстайды. Анасы ұлын он рет атап шақырса да, жауап болмапты. Ақырында анасы: «Ескендір Зұлқарнайын!» – деп шақырады. Сол кезде әруақ тіл қатады.
– Балам-ау, мен бағанадан бері неше рет шақырып жатырмын? Неге дыбыс бермедің әлде ол жақтағы жағдайың ауыр ма? – депті. Сонда ұлы:
– Жоқ, анашым. Бәрі жақсы. Сіз атымды ғана атап шақырғанда мұнда талас басталды. Себебі алақандай жерде есімдері Ескендір қойылған үш жүзге жуық әруақ қатар жатырмыз. Атымыз аталғанда:
– Мені шақырып жатыр. Жоқ, мені шақырып жатыр, – деп таласып қалдық. Ақырында Зұлқарнайынды қосып айтқанда ғана талас тоқтады. Күмәнсіз мені ғана шақырғаны анық болған соң, басқалары жол берді, – депті.
Осыдан бастап өлген кісіге Құран оқып, дұға жасағанда әкесінің және атасының есімдерін де қосып атау дәстүрге айналған екен.

Пікір

  • менин окыган китабымда ескендир зулхарнаин жизак туында жерленди делинген бир колын кокке караи созып жерлепти

    бакдаулет 03.01.2016 19:46 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню