Кеусен дәстүрінің пайда болуы

11090331_766093350164271_1834256619579249361_n

Сыр бойында ертеде өмір сүрген Әлішынар есімді диханның хикаясы былай басталады. Ол әрдайым егін егеді екен. Жаз болса, егінін күтіп-баптап, күзде орып, жинап алады. Өзінің ішіп-жемі мен тұқымдығынан артылған астықты ел-жұртына таратып, халықтың алғысын алыпты. Адамдарға істің көзін үйретіп, кәсіпке баулыпты. Ең бірінші рет шығырды ойлап тауып, өзеннен су тартудың да жөнін білген сол екен деседі.
Диханның бір жомарт қасиеті егін бастырып жатқанда қырманға кімде-кім келіп, қолғабыс берсе, қабына бидай, күріш салып береді екен. Өзі бұл сыбағаны «кеусен» деп атапты. «Егінші еселеп, кеусенші кеселеп» деген сөз содан қалыпты. Оны бергеннен диханның ырысы кеміп қалмапты. Дәулеті де, әулеті де көбейе беріпті. Атақ-құрметі ел арасына кең жайылыпты. Одан егіншілік кәсіптің қыр-сырын үйреніп, шәкірт болғысы келетіндер саны артыпты. Әлішынар үнемі бала-шаға, шәкірттеріне:
– Шырақтарым, Құдайға шүкіршілік етіңдер. «Біссімілдә» деп дән сепсеңдер, Алла тағала еңбектеріңді ескерусіз қалдырмайды. «Егінші мәрт, жер жомарт» деген. Ниеттерің тарылмаса, бақ-береке арылмайды, – деп ақыл айтыпты. Халық Әлішынарды келе-келе дихан баба деп атап кетіпті. Оның дүниеден өткеніне қанша жыл өтсе де, аты ұмытылмапты. Дихан баба туралы халық аузында мынадай жыр сақталыпты:
Шығырдың шын атасы – Әлішынар,
Шынарға сиынбаған шығыр сынар.
Әліге Шынар менен құп сиынсам,
Қашан да Тәңірі оңғарып, ісің тынар.
Егіншілер егін егерде, ең алдымен, Дихан бабаның рухынан медет тілеп, Алладан жәрдем сұраса, егіні бітік шығады екен. Қырманға кім келсе де, бос қайтармай, кеусен беріп жібереді екен.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню