Құж қиссасы — 2

o4WYE2TQZ2s

Құж туралы тағы бір қисса жазайық. Құждың шын есімі — Ауж ибн Анқ болған. Пайғамбарымыздың немере інісі Аббастың айтуынша Құж Адам атаның қыздарының бірінен туған. Шешесінің есімі — Анқ екен. Топан су әлемді басып, заңғар тауларды суға батырғанда, Құждың алқымына да жетпепті. Бір аңызда сирағынан аспаған деп айтады. Ортағасырлық «Араис» деген кітапта Құждың бойының биіктігі 23333 зағир болған деп айтылады. (Зағир өлшемі — 0,95 м. Әрі қарай өздерің есептеп алыңдар).
Құждың шешесі Анқтың өзі де денелі, ірі адам болған екен. Отырған кезде бір қырмандай жерді алып отырады дейді. Әйелдер арасында ең алғаш күнәні осы Анқ жасапты. Сол күнәсі үшін Құдайдың жазасына ұшырап, бір түнде алып адамға айналып шығады. Бойы елден ерекше болып, күнәсін әшкерелеп тұрады екен.
Құж Нұх пайғамбарға кеме жасауға көмектескеннен кейін, Алла тағала оны топан судан аман сақтайды.
Құж үш мың алты жүз жыл өмір сүріп Мұса пайғамбардың заманына дейін жетті дейді. «Амалика» шайқасында дінсіздердің жағына шығып, Мұса пайғамбарға қарсы соғысады. Ол үлкен бір тасты алып Мұсаға қарай лақтырғанда, әскерінің жартысы қырылып қалады. Ол екінші тасты алып лақтыра бергенде, Ұлық Алла хұд-хұд деген құсты жібереді. Бір аңызды бұл құсты қыран деп те айтады. Құс тастың үстіне қонып, оны шұқып, ортасын тесіп тастайды. Тастың ұнтақтары Құждың көзіне кіріп, ол байқаусызда тасын түсіріп алыпты. Ойылған тас Құждың мойнына киіліп қалыпты.
Сол кезде Мұса асатаяғымен Құждың тобығынан ұрады. Құж жерге жалп етіп құлайды. Әскері жабылып жүріп, оны қылышпен кескілеп өлтіреді. Құждың бір сирағын өздерімен бірге ала кетіп, Ніл өзеніне көпір жасайды. Сирағының жуандығы сондай, көпір үстінде екі керуен қатар жүре алады екен дейді.
Мынау сол Құжды Мұса пайғамбардың асатаяқпен ұрып құлатып жатқан суреті. Ортағасырлық миниатюра.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню