Қызыр мен Ілияс қиссасы

220px-Khidr_and_elijah

Түркі танымында наурызды «Қызыр Еллез» байрамы, яғни «Қызыр – Ілияс» мейрамы деп тойлайды. Себебі, Қызырға Ілияс пайғамбар ілесіп жүреді деген сенім бар. Қазақ тіліндегі «ілес, ілесіп жүру» сөздерінің этимологиясы осы Ілияс пайғамбардан шығады. Мына ортағасырлық миниатюрада Қызыр мен Ілиястің сәждеде отырған суреті бейнеленген.
Наурыз кезінде Қызыр мен Ілияс кездесіп, үйлерді аралайды деседі. Жұрттың арман-тілегін Хаққа жеткізеді, үйлерге береке дарытады екен. Сол күні ұйықтамай, дастархан жайып, тілек тілеп отырған адамның тілегі бірден қабыл болады. Жұрт топтасып күтіп отырса, олардың достықтарын берік етіп байлайды екен. Ұлық Алла да бұл күні Ібілісті тұсаулап, тағдыр тақтасын ашып қояды. Қаламға бұйырып:
– Кімнің адал тілегі болса, орында. Пешенесіне арман-мақсатының орындалуын жаз, – деп әмір етеді екен.
Қазақтар 22 наурыз түнін ақ дастархан жайып күтеді. Кімнің дастарханы толы болса, ырысы да сондай толы болады деп сенеді. Тағы бір аңыздарда Қызыр мен Ілияс ақтан істелген тағамдарды жақсы көреді екен. Сондықтан дастарханға айран, сүт, құрт, май молынан қойылады.
Мына бір ортағасырлық суретте де Қызыр мен Ілияс пайғамбардың намаз оқып жатқан суреті бейнеленген. Діни кітаптарда Қызыр мен Ілияс бірге жүреді деп айтылады. Алла төрт пайғамбарға мәңгілік ғұмыр берген екен. Оның екеуі көкте, екеуі жерде тіршілік етеді. Көктегісі — Ғайса мен Ыдырыс болса, жердегісі осы Қызыр мен Ілияс екен. 

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню