Суаршынның пайда болуы

Aquarius_najas01

Кеше Құж туралы жазып едік. Соның кішкене жалғасы болсын.
Нұхтың топанында екі мақұлық тірі қалады деп едік қой. Бірі — Құж, екіншісі – мыстан кемпір. Жейтін ас-азық болмағасын, мыстан кемпір аштан өледі. Оның екі тісі мен тырнағынан бір жәндік пайда болыпты дейді аңызда.
Ол жәндіктің мекені судың беті болыпты. Аққан судың бетінде жазықта жүргендей жүйткиді екен. Оның Нұх пайғамбар алғаш көргенде: «Мына жәндік судың бетін аршынмен өлшеп жүргендей екен» деп таңданған деседі. Сондықтан болар бұл жәндіктің аты суаршын атаныпты. Суаршын күні-түні тынбай, су бетінде азық іздеп жүреді екен. Оны орыс тілінде «водомерка» деп атайды. Суреті мынау. Ауылда арықтағы судан талай көрген шығарсыздар. Енді аңызын да біле жүріңіз.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню