Құждың қиссасы

k9kNd1g5D68

Мынау — Құждың суреті. Ортағасырлық миниатюра. Аңызда мұны Адам атаның қыздарының бірінен туған деп айтады. Өте ұзақ өмір сүрген. Өмірінің ұзақтығы сондай, бұл барлық әлемнің мифінде бар образ. Тіпті, Одесейдің соғысып жүрген Сиклопы да осы Құж деп айтылады. Біздің Ертөстіктегі алып дәулердің де прототипі осы — Құж. Енді Құж жайлы аңыз тыңдай отырыңыз.
Нұхтың заманында бір алып адам болыпты. Оны Құж деп атайтын. Құж кесір мінезді, ешкімнің ақылын алмайтын, оң істі терісінен істейтін қыңыр болыпты. Ұзын бойы таудан асып, бұлттар алқа сияқты мойнына киіліп тұратын. Ол жалғыз өзі таудың үңгірінде жататын. Құждың бір ғана қайғысы – қарнын тойғызу. Ішегі тәулік бойы шұрқырап тұратын. Ертелі-кеш орманнан отын шауып, нәпақасын айырып жүрді. Бірде Нұх Құжды шақырып, ағаштарды тасып беруін өтінді. Сонда Құж:
– Қарнымды тойғызсаң, ағашты тасиын. Осыған дейін майлы ас жеп, қарным жұбанған емес. Тойып тамақ ішу – маған арман, – деді.
– Айтқаның болсын, – деді пайғамбар. Құж ертесіне Нұхтың ағаштарын тасып берді. Жұмысы біткен соң, Нұх оның алдына бір шелпек әкеліп қойды.
– Өй, мынауың жұмырыма жұқ болмайды ғой, – деп Құж ашуланды.
– «Біссіміллә» деп же, сонда тоясың, – деді пайғамбар. Құж «біссміллә» деп шелпектің жартысын жегенде тоқтығы білінді. Жартысын қалтасына салып алды. Қарны тойғанға мәз болып, жөніне кетті.
Топан су қаптаған кезде екі мақұлық тірі қалған екен. Бірі – сужұқпас Mыстан кемпір, екіншісі осы Құж. Мыстан кемпір суға батпай жүре береді. Бірақ, су бетінде жейтін тамақ таппай, ақыры аштан өлді. Ал, топан су Құждың тізесінен зорға асыпты. Ол қарны ашса, судан балық сүзіп, оларды күнге қақтап жейді екен.
Мына ортағасырлық суретте Құждың балықтарды күнге қақтап жатқан суреті өте жақсы бейнеленіпті.
Құжды Мұса пайғамбардың дәуіріне дейін өмір сүріп, Мұсаның қолынан қаза табады. Мұның қиссасын кейін жазамын.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню