Сүлеймен патша мен Тоты

11041782_757514651022141_573414031712951617_n

Қисса сул-әнбияны өте көп жырлағандардың бірі — Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Нұх пайғамбардың кемесіндегі ит пен мысықтың оқиғасын да Тұрмағамбет жыраудан алғанбыз. Мынау сол жырау жырлаған Сүлеймен мен тоты құстың қиссасы.

Бір күні Сүлеймен ұшып-қонып жүрген тотықұсты көрді. Ауылдың бар баласы қолына тор алып, оны қуалап жүр екен. Сүлеймен тотыға:
– Әй, тоты, алысқа ұшып кет. Торға түсіп қаласың, – деді. Тоты:
– Қанаты барды қанаты жоқ қалай ұстайды? Балаларды мазақтап көңіл көтеріп жүрмін, – деді.
Ертесіне тоты торға түсіп қалыпты. Балалар оны ермек етіп ойнап жүр екен. Сүлеймен:
– Тұтылып қалыпсың ғой, – деді мысқылдап. Тоты:
– Ей, Сүлеймен, дүние алма-кезек екен. Кеше далада, бүгін торда. Балалармен кеше мен ойнадым, енді олар мені ойыншық етіп ойнап отыр. Алла көзді байласа, шара жоқ екен. Қонар кезде жан-жағым лапылдаған от болып көрінді. Тұзақтан басқа қонатын жерім қалмады. Солай бәлеге шатылдым. Мені сатып алып, босатып жібер, – деді. Сүлеймен:
– Айтқан ақылды алмайтын астамшылға осы дауа. «Көңілі асқақтаған ақымақ ақылды бар деп ойламайды» деген. Кеше тал басында тым астамсып отыр едің. Енді өзің босанып көр, – деп, тотыға қарайласпай кетуге айналды. Сонда тоты:
– Сүлеймен, ұмыттың ба? Бір кездері сенің де көңілің тасыған. Алла көзіңді байлады. Ібіліс жүзігіңді ұрлады. Сол кезде менің күйімді кешкенсің. Бірақ ұлық Алла сенен теріс айналып безген жоқ. Мейірім-шапағат етіп, құтқарып алды. Тәубаң қабыл болып, тағың да, бағың да қалпына келді. Ұлық Алладан неге үлгі алмайсың? – деді. Сүлеймен ағаттық жасағанын ұқты. Ол құсты балалардан қымбат ақшаға сатып алып, дереу ұшырып жіберді.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню