Бата беру кімнен қалған?

11043008_757431424363797_6122315384435804329_n

Құранда Ыбрайым пайғамбардың ұрпақтары үшін құт-береке, тура жол тілегені баяндалады. Яғни, пайғамбарлардың ішінде алғаш болып дұға тілеуі көрініс береді. Қазақ арасындағы батаға байланысты аңыз да түбірін осы Құраннан алған деп ойлаймыз.

Әсілінде Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті.
Бір күні уахи ала келген Жебірейіл періштенің өзін дастарханға сүйрейді. Жебірейіл:
– Асыңа рахмет, ей, Алланың хабибі. Мен Алланың уахиын жеткізу үшін ғана келдім, – дейді асығып. Ыбырайым:
– Уахиды қоя тұр. Әуелі адал дастарханнан дәм тат. Маған серік бол, – дейді. Періште амалсыз көнеді. Дастарханға ас келсе де, періште табаққа қол созбай отыра береді. Пайғамбар:
– Неге дәм алмайсың? – дейді. Жебірейіл:
– Бұл дүниенің өз тәртібі бар. Бес күн жалғанда ішкен-жегеннің, көрген қызықтың есеп-қисабы бар. Ертең мақшар алаңында бұл пәнидегі ішкен-жегеннің сұрауы болады. Мен соны ойлап, уайымдап отырмын, – дейді.
Ыбырайым езу тартып:
– Ендеше ас соңынан дастарханға бата бер. Астың өтеуі сол болсын, – дейді. Жебірейіл келіседі. Ас ішіп отырып екеуі әдемі рухани сұхбат құрады. Періште Ыбырайымның ықылас-пейіліне риза болып, дастарханға бата жасап, дұға етеді. Жебірейіл кетіп бара жатқанда Ыбырайым оны тоқтатып:
– Маған қандай уахи алып келіп едің? Айтпадың ғой, – дейді. Бұл жолы періште езу тартып:
– Біздің сұхбатымыз Алланың уахиы еді, – депті.
Бата беру, дұға тілеу Ыбырайымнан сүндет болып қалған екен. Қазақ арасында осы дәстүрдің берік орныққаны соншама, тіпті ел арасында мынадай аңыздар көп тараған. Кейбір әулие қарттар айналасында отырған адамдардың түгел ас ішіп болуын күтетін болған. Тіпті керек десеңіз киіз үйдің есігінің алдында жем шұқып отырған торғайлардың да жем жеп болуын тосқан екен. Рухани сұхбатты уахиға теңегендіктен де әулие адамдар дастархан басында дүние сөзін сөйлеп, мағынасыз сұхбат құрудан сақтанған екен.

Пікір

  • Балык жеп болгасын бата кайтаруга болама

    Нурлан 02.03.2017 21:46 Ответить
  • Жақсы

    Ринат 21.09.2018 11:55 Ответить
  • Біз батаны кімге аламыз?

    Ринат 21.09.2018 11:57 Ответить

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню