Бибі Фатиманың шымшығы

10388581_753807668059506_8588323834743198892_n

Шымшықты «жабайы құс» деп, таспен ұрып, қуалап жатамыз. Бірақ, бір кездері халық сол құсты «Бибі Фатиманың шымшығы» деп қадір тұтқанын білесіз бе? Оның да ел арасында таралған мынадай аңызы бар екен.
Бір жылдары Арабияда қуаңшылық болады. Жұрт егістікті торғайдан қорғап, көрген жерде оларды қуалап өлтіріпті. Торғай мен шымшыққа деген жұрттың жек көрініші қатты болыпты. Оларды тіпті бала-шағаға дейін тас атқылап, күн көрсетпепті. Бірде аяғы жаралы бір шымшық балалардан қашып келіп, Фатима анамыздың қойнына тығылады.
Фатима да құсқа жаны ашып, араша түсіп:
— Әй, балалар. Бұл шымшыққа тимеңдер. Бұл менің құсым, — дейді. Балалар тиіспей кері қайтады. Фатима шымшықты үйіне әкеліп, жарасын жазады. Шымшық та тез оңалып, оның үйінің шатырына ұя салады. Фатима қайда барса да жанынан қалмайды екен.
Кейін келе халық барлық шымшықты аялап, «Бибі Фатиманың шымшығы» деп тиіспейтін болыпты.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню