Тауық неге ұшпайды?

1610894_752121594894780_1524914450238923294_n

Тауық «ку-ка-ри-ку» деп шақырғанда не айтқысы келгенін білесіз бе? Егер шумер тілін білген болсаңыз оп-оңай түсінер едіңіз.
— KI: — деген шумер сөздігінде «where» яғни «қайда» дегенді білдіреді.
— UGA — деген қарға деген мағынаны білдіретін идеограмма екен. Ол кезде барлығы таңбамен немесе иероглифпен бейнеленген (суреттен қарасаңыз болады).
— RI-HU: — bird breeder, яғни құстың жүні, қанаты, тұқымы деген мағынаны білдіреді.

Енді таңбаларды қосып оқып көрейік. KI-UGA-RIHU. Шумер тілінде де екі дауысты дыбыс қатар келсе біреуі түсіп қалады. Яғни «I» дыбысы мен «U» дыбысы қатар келгендіктен «І» дыбысы түсіп қалады.
Сонда: K-UGA-RIHU сөзі шығады. Мағынасы: ҚАЙДА ҚАРҒА ҚАНАТЫМ?
Енді осы мағынаның аңызын оқып көріңіз.

11043104_752120164894923_3680855929234808815_n

Топан суға дейін қарға мен тауық дос болыпты дейді. Ол кезде қарға ақ түсті, ал тауық ұшатын құс екен. Топан су басқанда кемеге екеуі қатар жайғасыпты.
Кемені шалдыратын мезгіл тақайды. Бірақ судың қаншалықты тартылып, құрғақ жердің бар жоғын білу мүмкін емес еді. Нұх:
– Судың қаншалықты тартылғанын кім біліп келеді? – дейді. Қарға:
– Ықтияр етсеңіз, мен ұшайын, – дейді.
– Сен жемтікке үйір едің. Далада өлексе болуы мүмкін. Қызығып қалып қойсаң ше?
– Маған сеніңіз. Бір заманда Адам атаға жол көрсеткен мен едім.
– Келмей қойсаң, сені көп күтуге мұршамыз жоқ. Кепілдікке не қалдырасың? – деді. Сонда Тауық:
– Қарға қимас досым. Дос үшін екі қанатымды кепілдікке мен қоямын, – деді. Пайғамбар келісті.
Қарға ұшып шықты. Қараса, біраз жер ашылып, құрғап қалыпты. Топан суға тұншығып өлген жан-жануардың өлігі шашылып жатыр. Кемеден ашқұрсақ шыққан қарға өлексені көргенде араны ашылып, кемедегі ел-жұртты ұмытты. Нұх оны күте-күте шыдамы таусылды. «Іздеп кел» деп сауысқанды жіберді. Ол да жемтік жеп қалып қойды. Үшінші жолы кептер ұшты. Ол зәйтүн ағашына қонды. Ағашқа бұрынғы жойылған қауым мен өлген мақұлықтың қаны жұққан екен. Оның аяғы қанға тиіп қызарып кетеді. Содан бастап кептердің аяғы қызыл болыпты.
Кептер зәйтүн ағашының бір жапырағын тістеп, кемеге оралды. Нұх кептерден:
– Ана екеуінен хабар бар ма? Аман ба екен? – деп сұрады. Кептер:
– Иә, көрдім. Қарға өлген малдың басын, сауысқан көтеншегін шұқып отыр, – деді. Нұх ыза болып:
– Жегендерің жемтік, ішкендерің іртік болсын! – дегенде екі құстың ұсқыны кетеді. Қарға қара түсті құсқа айналады. Осыдан бастап, ол өлген мал көрсе басын, сауысқан құйрығын шоқитын болыпты. Нұх кептерге:
– Адалдығың білінді. Қарның ашса, адамның қолынан жем же, шатырына ұя сал! – деді. Сосын пайғамбарға тауық келіп:
– Қанатымды бер, – деді. Нұх:
– Досың сені сатып кетті. Ол келсін, қанатыңды сосын аласың, – деді. Тауық осылайша ұша алмай қалады. Күн сайын таң мезгілі болғанда, «Қарға қанатымды қайтар» деп шақырады екен. Сол кезде елдер ұйқыдан оянатын болыпты.

P/S. Аңыз түбі шын деп жатады ғой. Десе де жерде аңызды ақиқатқа айналдыруды мақсат тұтпаймыз. Біздің ойымызша, бұл аңыздың түбі шумер дәуірінен басталады. Сондықтан, Шумер тілінің этимологиясын Нұх заманына жататын осындай аңыздардан іздеуге де болады.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню