Зәкәрия пайғамбардың қиссасы

images (6)

Қожа Ахмет Ясауи бабамыз хикметінде:
Шын ғашықты көрсет маған, сағынды жан,
Ара кессе – Зәкәриядай тәлім қылам.
Бәле келсе – Аюб құсап сабыр қылам,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар, — дейді. Осындағы Зәкәрия пайғамбардың арамен кесілетін аңызы мынау.

Бір патшаның қызы сұлу болыпты. Ол Мысырдың перғауындарына ұқсап, өз қызына өзі үйленгісі келеді. Сөйтіп Зәкәрия пайғамбардан «рұқсат» деген пәтуа сұрайды. Зәкәрия:
– Шариғат бойынша өз қызына көңілі түскен адамды Құдай қарғайды. Елді бүлдіріп, адамды аздырасың, – деді.
Дегені болмаған патша оның соңына түсті. Жалдамалы жендеттер Зәкәрия орманда оңаша келе жатқанда өлтірмек болды. Зәкәрия қашады. Шаршаған соң, емен ағашына келіп: «Мені залымдардан жасыр», – деп әмір қылды. Ағаш қақ айырылып, пайғамбар ішіне тығылды. Бірақ шапанының бір ұшы сыртта көрініп қалды. Бір сауысқан ұшып келіп, шапанның ұшын шұқып көрсетті. Дұшпандар таңғалып, шарасыз тұрып қалды. Ібіліс адам бейнесінде келіп, ағашты арамен кесуге кеңес берді. Амалы қалмаған Зәкәрия:
– Иә, Алла, залымдардан құтқар, – деп жалынды. Алла:
– Зәкәрия, сен пайғамбарлығыңа сеніп, ағаштан көмек сұрадың. Мұның қателік болды. Енді зікір айтқан халде ажал табасың. Болмаса, имансыз кетесің, – деді.
Зәкәрия араның дыбысына ілесіп, зікір айтады. Осылайша Алла алдында абыроймен қаза табады.
Содан бері «зикр-арра» тағаты Зәкәриядан қалған екен.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню