Қырық шілтеннің қиссасы | DEGDAR

Қырық шілтеннің қиссасы

9490_752709531502653_2614287141393874855_n

Қырық шілтен қазақтың киелі дүниетанымына қатты әсер еткен мистикалық тұлғалар. Қазақтың барлық аңыз-әпсанасы мен бата-тілектерінде олар міндетті түрде еске алынады. Ол туралы қазақ арасында көптеген аңыз бар. Ең көп таралғаны атақты сопы әл-Газали оларға бата беруі жайлы екен.

Бірде он жасар Ғазалиді шешесі «қалаға барып сауда жасап кел», – деп, керуенге қосыпты. Оларды жолда 40 қарақшы торуылдап күтіп отырады. Кешке қарай қарақшылар керуенге лап қояды. Елдің бәрі алтын-күмісін қойнына тығып, жанталасып жатқанда Ғазали керісінше барлық ақшасын шығарып, ұрылардың басшысына өзі әкеп тапсырады. Ол таңқалып:
– Сен неге алтыныңды жасырмадың? – дейді. Ғазали:
– Малым жанымның садағасы. Алтын адамның жанынан қымбат емес, – дейді.
– Бірақ, алтынның да сұрауы бар ғой? –дейді қарақшы.
– Иә, бар. Бірақ алтын адамды таппайды. Адам алтынды табады. Басым аман болса, денім сау болса адал кәсіппен алтыннан да қымбат зат табам.
– Алтыннан артық зат болмайды, балақай!
– Алтыннан қымбат Алла бар! Ұлық Алла: «Кім менің нұрымды тапса, екі дүниенің байлығын қоса табады. Кім менен ажыраса екі дүние нығметін қоса жоғалтады», – деген. Сондықтан, Алланы табу үшін маған өмір қымбат, – дейді бала.
Ақжүрек баланың жауабы қарақшының жүрегін солқ еткізеді.
– Іздесе сол Құдайды біз де таба аламыз ба? – дейді қарақшы.
– Иә, Ұлық Алла Құран Кәрімде: «Ісіне өкініп, шын тәубе еткендер Мені күмәнсіз табады. Сосын Мен оларды рахмет нұрына шомылдырамын» деп уәде еткен. Алланың сөзі екі болмайды.
Құранның осы аятын естіген кезде қарақшының қатып қалған жүрегі езіліп сала береді.
– Онда бізге дұға жаса, мына кәсіпті доғарып, екі дүниенің нығметін біз де қатар табалық, – дейді шын ниетпен. Ғазали қолын жайып бата береді.
Сол кезде қырық қарақшы қырық шілтенге айналып кетіпті деседі

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню